Сенбі, 23 Қараша 2024
Мәйекті 6509 0 пікір 23 Сәуір, 2014 сағат 13:46

ҚАЗАҚ ҰЛТШЫЛДЫҒЫНЫҢ СИПАТЫ ҚАНДАЙ?

Қазіргі кезде екінің бірі – ұлтшыл. Әртүрлі орталар да, шетін мәселелер талқыланған жиындарда, әлеуметтік желілерде елім деп еңірегенде етегі жасқа толып, халқым деп қабырғасы қайысқан адамдарды көптеп кездестіруге болады. Ал, сол адамның ұлтшылдық деңгейін яғни, білімі мен мәдениетін, іс-әрекетін, түрлі жағдайда өзін ұстауын, адамдармен қарым-қатынасын қыл аяғы киіну, сөйлеу мәдениетін көрсеңіз, жылағыңыз келеді.

Әлбетте, әр адамның өз ұлтын сүюі, оған қызмет етуі – ұлтшыл болуы азаматтық парызы. Бірақ, азаматтық парыздың жөні осы екен деп жылт еткен жердің бәрінде айғайға басып, өзімдікі жөн деп, пікіріне иланбаған адамның бәрін қазақтың жауы көруі – ұлтшылдық па?

Ұлтшыл болуды қазақ қоғамына қатысты мәселе көтерілген, сөз болған жерде қара көрсетіп, топ көбейту деп қана түсініп, реті келсе сондай жерлерде жалпыға түсіністікті проблемаларды қолды сермеп, сауатсыздау тәсілмен жеткізу деп біліп, бір өзін тұтас ұлттың сөзін сөйлеп, сойылын соғып жүрген адамдай сезініп, өзгенің бәрін «билікшіл, сатқын» деу де ұлтшылдық па?

Әлеуметтік желіде жайғасып жатып алып, қоғамдық-саяси өмірде болып жатқан дүниелерге жарты бет «жалынды», «халықшыл» пост жазып, тіпті қазаққа, мемлекеттке қатысты жыбырлағанның бәріне құлаш-құлаш сөз арнау ұлтшылдық па?

Сонда бүгінгі қазақ ұлтшылдығының сипаты қандай?

Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қозғалысының жетекшісі:

- Бізге жетіспейтін ұлтшылдық – саясаткер ұлтшылдық. Өзің айтып отырған түрлі ұлтшылдық көрінісі бар топтардың бәрін біріктіріп, бір мақсат жолына пайдалана білетін саясаткер ұлтшылдар бізде жоқ.

Мұхаңның (Мұхтар Шаханов.ред.) өзі ол – көсем, өлең оқиды, халықтың рухын көтереді, бірақ саясаткер емес. Ол кісі ренжімесін. Біз осы уақытқа дейін саяси деңгейдегі ұлтшылдарды дайындап үлгерген жоқпыз.

- Біздегі ұлтшылдықтың мәдени деңгейіне қандай баға бересіз?

- Өте төмен. Адамдар бірінің сөзін бірі тыңдамаса кез келген жұмыс алға жүрмейді. Әркім келіп өзінің сөзін айтып кете берсе, біреу жұмыс істесе, оны сынаса ондай жерде қандай ұлтшылдықтың мәдени деңгейін көруге болады? Саяси мәдениет те өте төмен. Мен өзімді олардың қатарына қосқым келмейді. Біреудің сөзін тыңдай білу, біреуге уәж айтқанда оны мәдениетті жеткізе білу жағы төмен екені рас.

Жоғарыдағы сауалдарға Дос мырза осылай деп жауап берді. Ал, сіз не дейсіз?

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364