Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 8015 0 пікір 23 Сәуір, 2014 сағат 12:56

ІШІМДІК ІШУ АЗАЯТЫН БОЛДЫ

Бүгін Парламент Мәжілісі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. ҚазАқпараттың дерегіне сай аталған заң жобасы спиртті ішімдіктердің сатылу уақытын 15 сағатқа дейін шектейді. Күшті алкоголь өнімдерін сату уақыты он бес сағатқа дейін, яғни мейрамханаларды, дәмханалар мен барларды қоспағанда, кешкі сағат 21-ден бастап, келесі күнгі 12-ге дейін жұмыс және демалыс күндеріне бөлінбестен сатуға тыйым салынады. Бұл тыйым  30 градустан жоғары болатын спиртті ішімдіктерге байланысты салынған. Ал алкогольдік үлесі 30 градустан  төмен ішімдіктерді сатуға бұрынғыша түнгі 23-тен таңғы 8-ге дейін тыйым болады. Сондай- ақ ішімдіктердің сатылу орындары саны да шектелетін болады. Жаңа заң жобасымен дүңгіршек, дүкендерде ғана емес денсаулық сақтау, білім беру, балалар мекемелерінің ғимараттарында, дене шынықтыру-сауықтыру, спорт және спорттық-техникалық құрылыстарда да ішімдік сатуға тыйым салынатын болады. Сонымен қатар автожанармай құю стансаларында тыйым салу белгіленеді. Заңды әзірлеушілер: «заң жобасын әзірлеу еліміздің экономикалық мүдделерін, экономикалық қауіпсіздігін, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау қажеттігінен туындап отыр»- дейді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5354