Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3673 0 пікір 16 Сәуір, 2014 сағат 14:10

ҚАЗАҚ ЕЛІ ҚАЙТЫС БОЛҒАН АДАМДЫ "ДОНОР" ДЕП ҚАБЫЛДАМАҚ

Өткен айда ғана “Facebook” әлеуметтік желісінде қызу талқыланған қайтыс болған адамның органдарын донорлыққа жарату мәселесі енді заңмен бекітілетін көрінеді.  Батыс елдерінде әлде қашан жалпыласып кеткен бұл үрдіс қайтыс болған адамның дене мүшелерін мұқтаж жандарға өз еріктерімен беруі арқылы жүзеге асырылады. Әзірге ешбір мұсылман елдері заң аясында қуаттамаған осы мәселе  Мәжілістің ҚР "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекске енгізілген түзетулерді мақұлдауында қаралған. Бұл туралы tengrinews.kz Министр Салидат Қайырбекованың сөзіне сілтеме жасап ақпарат таратты. "Шешуші ерікті келісімдер тәртібін анықтау жөнінде ҚР Үкіметінің құзыретін белгілейтін норма енгізілді. Сіздер білесіздер, бізде донорлық мәселесі бар. Қазіргі кодекс донорлықты халықаралық тәжірибеде бар ұғымда дамытуға мүмкіндік бермейді. Сондықтан қайтыс болғаннан кейін ұлпалары мен органдарын трансплантация мақсатына құрбан етуге көзі тірісінде ерікті келісім беру ұғымы енгізіліп отыр", - дейді ол.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1474
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5446