Жұма, 22 Қараша 2024
Әлеумет 12215 0 пікір 9 Сәуір, 2014 сағат 10:35

АРТУР МАНУКЯН: НЕ БҮК, НЕ ШІК

Бүгін Қарағанды да қар аралас жаңбыр жауып, қаланың таңырсық тіршілігі таң қылауынан бір жамандықтың сезгенін байқады. Тағы да «Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры дегендей», Арқа жұртының жолақы мен автопарқ қызметкерлерінің базыналы назы әлі басыла қоймады. Биыл кенді өлке көмірлі шаһарымыздың сексен жылдық мерейтойы қарссаңында жол ақыса да сексен теңгеге өскен  болатын. Осы тариф жүйесін енгізген қалалық мәслихат депутаттарының мерейтойға тартқан үлкен тәбәрігі осы болды. Алайда, халықтың айғай шуы тынышталып, үнсіздік орнаған болатын. Бірақ, бұл үнсіздіктің келесі иегерлері табылды. Олар күнделікті күйбең тіршілікті таңғы бестерден кешкі 12-лерде үйлеріне қайтып оралатын автобус жүргізушілері мен кондукторларының ереуілі. Халықтың шаруасын тындырған мекеме басшылары автопарк қызметкерлерін базыналы назын қалай шешіп берер екен. Артур Манукян басшы:  не бүк, не шік!

Оқиға себепкер ереуіл қаладағы №3 автобус паркінің ғимаратында орын алды. Ереуілге 118, 43, 53, 56, 1, 40 және де тағы басқа бағыт бойынша қатынайтын автобус жүргізушілері мен кондукторлары шығып, бас аяғы 130-ға тарта адам жиналған. Олардың басты талабы күнделікті міндеттелген жоспар төмендетілсін деп отыр.

Автопарк басшылығы тарапы жүргізушілермен келіссөз жүргізуді ұсынды. Бірақ, №3 автопарк басшылары жүргізушілер мен кондкутлорлардың мазалаған мәселесімен баяғыдан хабардар болып шыққан. Тіпті өткен жұма күні талап арыздарын мекеме басшылары айтып, кіріп шыққан. Нәтиже болмаған, соң ең маңызды бағыттардың жүргізушілері мен кондукторлары жұмысқа шықпады. Бірақ қарасарысқан Манкуян қызметкерлердің талабын орындайтын түрі жоқ. Тіпті ол қызметкерлерінің бұл әрекеттерін мәдениетсіздік деп санады. «Таңертең олар жиналып, дауыс көтере бастады. Мен оларға: машиналарыңды қойып, жолға шығыңдар дедім. Бұл менің сөздерім. Тарифті көтергенмен, қызмет көрсету мәдениеті өзгерген жоқ. Заңбұзушылықтарды біз актіге тіркеп, жазалаймыз. Тәртіп бар!», - деп мәлімдеді №3 автопарктің бас директоры Арутюн Манукян.

Оқиға барысын тарқатып айтар болсақ, Қаламызда жолақы 80 теңгеге қымбатағалы төрт айдың жүзі болды. Жаңа тариф бойынша №3 автопарк кондукторлары күніне 70 мың көлемінде ақша тапсыруға міндетті. Жоспар орындамаған кондукторлар мен жүргізушілердің айлық жалақысы бірге қиылады. Бұл масқаралыққа шыдай алмаған автопарк қызметкерлері еріксізден ереуілге шығуға тура келген. Тіпті автобус жүргізушілеріне де күнделікті жоспар ретінде жанармай да тапшы беріледі екен. Оны да өз қалталарынан төлеген кейіпкерлердің біразын байқадық. Күнделікті жұмыс режимінде кешігетін болса да, жұмыс айлығын қысқарту, жұмыстан да босатып жібереді екен.  Тексеруші контроллерлерде автобус кондукторларына бейтарапсыз ескерту айтып, солардың ескертуінің арқасында жалақыдан тағы да біраз ақша қиылып, зар еңіреп айлық жалақымыз 20 мың теңге болған күндерімізде болған деді. Базыналы жұрттың назын тыңдаған біздер, автопарк басшыларының сорақы қылықтарын көріп, таңырқастық!

 

Нұрлан Имашев автобус жүргізушісі: 

«Автобустың бір жері бұзылса, менің жалақымнан ақша қиылады. Өзім күнделікті демалмай, ұйқы көрмей жұмысқа шығып, табар ақшамның тең жартысы бұзылған автобус үшін кетсе қалай қиналмайсын. Қазір көп автобустар жаңарып жатыр. Бірақ олардың да сапасы нашар. Сондықтан да шыдамның да шегі бар. Бүгін мен де әріптестерімді қолдап ереуілге шықтым».

Ақылбек Шыңғыс автопарк кондукторы:

«Жолақы қымбаттағаннан бері, біздің күнделікті жоспар міндетті де өсті. Қазір бізге мекеме басшылығы 70000 теңге жоспар қойып отыр. Біз алғашқы айларда жоспарды орындаған болатынбыз. Алайда, студенттік және де жалпы қоғамдық жолақы билеттері шыққаннан бері бізге жоспар қиындады. Бізде жолақы 50 теңге болғанда жолаушылардың қарым қатынасы жақсы болатын, қазір жолақысы 80 теңгеге қымбаттағаннан бері, олар бізді түсінбейді. Реніштерін бізге айтады. Бірақ жолаушы түсінуі керек, бұл тарифты біз емес, мекеме басшылығы қойып отырған. Біздің жағдай, жолаушылардың жағдайымен пара пар».

Ереуіл орын алған жерге қала билігі де шақырылды. Олар:  «Бастамашы топ құрыңыздар. Талаптарыңызды ресми түрде қағазға жазып, әкімдікке жолдаңыздар. Бір тәулік ішінде қарастырып, жауабын береміз», - деді автопарктің көтерілген жұмысшыларына қарата айтқан сөзінде Қарағанды әкімінің орынбасары Қайрат Бегімов. Жүргізушілер соңына дейін өз талаптарының орындалуын күтетінін мәлімдеді. «Жалғастырамыз. Жоспар төмендетілмегенше жолға шықпаймыз», - деді жүргізушілер ұжымының атынан Алдияр деп өзін таныстарған  азамат.

 

P.S.

Жол ақыны сексен теңге ге көтеріп алып, қалалық мәслихат депутаттары алдында уәдені үйіп төккен автопарк басшылығы біраз нәтижелі іс атқарды дейік. Бірақ бірлі-жарым автобустарын жаңартып, көшенің бір екі тұсына бейне контрол қойып, бір автобусқа интернет желісін қосқан мекеме тарапының  атқарған келелі ісі осы ғана болды. Не сонда  көз алдау болды  ма? Шағын ғана майшабақ монополистер  көз бояушылыққа белшесінен батса, үлкен  акула мекемелер жарытып не тындырды дейсіз. Ара да төрт ай уақыт өтсе де автобустарды жаңарту мен қызмет көрсету аясы жақсармады. Жаңа маршруттық бағыттар енгізілмеді. Автобустардың түнге дейін қатынау мәселесі мүлдем аяқсыз қалды. Жүргізушілер мен кондукторлардың екі аусымдық жұмыс кестесі жайында қалды. Сонда баға не үшін қымбаттады. Бәлкім  миллионер Манукянның қалтасын қамбайту үшін. Ақиқатын біз білмедік…

Алтынбек Құмырзақұлы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1452
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3216
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5246