Көкпектіде опат болған 5 адамның аты-жөні белгілі болды
31 наурыз күні Қарағанда облысы, Көкпекті аулының маңындағы су қоймасының жарылып, 400 адам басқа көшірілген. Су тасқыны салдарынан 5 адам опат болған еді. Бүгін төтенше жағдайлар министрі В.Божко опат болған адамдардың аты-жөнін жария етті.
Олар:
Ноғаев - 1924 жылы туған
Ноғаева – 1962 жылы туған
Нагибина – 1926 жылы туған
Ромашенко – 1942 жылы туған
Скибицкий - 1979 туған
Опат болған адамдардың отбасына көмек ретінде 1 миллион теңге беріледі.
Министрдің мәліметінше, 149 үйді су алып кеткен. 15 үй жартылай бұзылған.
Сондай-ақ, 26 адамға медициналық көмек көрсетіліп, 6 адам ауруханаға жатқызылған. Көкпекті су қоймасы 1951 жылы қолданысқа берілген. «Агрофирма Шанырақ» ЖШС-не қарасты су бөгетінің жылпы сыйымдылығы - 1,5 миллион.
В.Божка күн жылынып, қалың түскен қардың еруіне байланысты Ақмола және Қарағанды облыстарындағы жағдай алаңдататып отырғанын да айтады.
Абай-ақпарат