ҚазҰУ-дағы «TARZHIMAN CLUB» кездесу өткізді
2014 жыл 1 сәуірде филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетіндегі «TARZHIMAN CLUB» жас аудармашылар клубында белгілі аудармашы Самал Бердібекқызы Соқпақбаевамен шығармашылық кездесу өтті. Аударма теориясы және әдіснамасы кафедрасының меңгерушісі Әнуар Тарақовтың аудармашы шығармашылығы туралы кіріспе сөз сөйледі.
Қазақ прозаиктерінің шығармаларын орыс тіліне аударған тәжірибелі аудармашы ретінде Самал Бердібекқызы көркем аударманың қыр-сыры, қиындығы мен ерекшелігі туралы әсерлі әңгіме өткізді, болашақ аудармашыларға ақыл-кеңесін айтты, аудармашыға керек қасиеттерді атап көрсетті. Сондай-ақ, қазақтың көрнекті жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың 80 жылдық мерейтойы қарсаңында жазушының қызы ретінде естеліктер айтты, «Менің атым - Қожа» туындысын аудару тәжірибесі жөнінде ой бөлісті.
«TARZHIMAN CLUB» жас аудармашылар клубының жетекшісі, доцент Л.Мұсалы аудармашыға студенттер атынан алғыс білдіріп, қазақ аударматану ғылымының атқарар міндеті мол екенін атап өтті. Кездесу болашақ аудармашылар үшін қызықты да пайдалы болды.