Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Жаңалықтар 5760 0 пікір 25 Наурыз, 2014 сағат 14:20

«Қазсат-3» спутнигі 28 сәуірде Байқоңырдан ұшырылады

24 наурызда «Байқоңыр» ғарыш айлағына қазақстандық «Қазсат-3» спутнигі жеткізілді, деп хабарлады біздің агенттікке «Республикалық ғарыш байланысы орталығы» АҚ президенті Виктор Лефтер.

«Академик М.Ф. Решетнёв атындағы «Ақпараттық спутник жүйелері» (АСЖ) ААҚ хабарламасы бойынша, «Қазсат-3»-пен бірге Байқоңғырға сондай-ақ ресейлік «Луч-5В» ғарыштық аппараты да жеткізілген. Екі ғарыштық аппаратты да Решетнев атындағы АСЖ мамандары жасаған.

«Спутниктерді ғарыш айлағына жеткізу штаттық режимде өтті. Оларды тасымалдауға арнайы контейнер қолданылды, оның габариттері бір мезгілде орта кластағы екі ғарыштық аппаратты тасуға мүмкіндік береді. «АСЖ» компаниясының мамандары аппараттарды тасымалдау кезінде контейнер ішіндегі оңтайлы жағдайды қамтамасыз ете білді», – делінген хабарламада.

Академик М.Ф. Решетнёв атындағы «Ақпараттық спутник жүйелері» (АСЖ) мамандары таяудағы уақытта ғарыштық аппараттарды алдағы қосарлана ұшыруға әзірлеуге кіріседі.

Телекоммуникациялық «Қазсат-3» ғарыштық аппараты Қазақстан  мен шекаралас мемлекеттер аумағында байланыс, телехабар тарату және жоғары жылдамдықтағы Интернет қызметтерін ұсынуға арналған. Спутник «Республикалық ғарыш байланысы орталығы» АҚ-мен (Қазақстан Республикасы) келісуім-шарт бойынша жасалып, әзірленген.  Спутник 28 Ku-диапазоны транспондерлерімен жабдықталған. Спутниктің белсенді өмір сүру кезеңі 15 жылды құрайды.

«Луч-5В» аппараты «Луч» ретрансляциясы көпфункциональды ғарыштық жүйесінің үшінші спутнигі, ол ХҒС ресейлік сегментімен, төменгі орбиталық ғарыш аппараттарымен, зымырын-тасығыштармен, ұшыру блогтарының жерүсті стансаларымен байланысты қамтамасыз етуге арналған. Спутник  2006-2015 жылдарға арналған Ресей Федералдық ғарыштық бағдарламасы ауқымында дайындалған.

«Қазсат-3» және «Луч-5В» ғарыштық аппараттарын  2014 жылғы 28 сәуірде Байқоңыр ғарыш айлағының №81 алаңынан «Протон М» ғарыштық зымырантасығышымен ұшыру жоспарланған.

ҚазАқпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1535
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3315
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6019