Дүйсенбі, 14 Қыркүйек 2026
Міне, көрдің бе? 6720 0 пікір 17 Қыркүйек, 2014 сағат 10:53

ӘЛИЕВ АВСТРИЯДА СӘРСЕНБАЕВ ІСІ БОЙЫНША ТЕРГЕЛЕДІ

Еліміздің оппозициялық саясаткері Алтынбек Сәрсенбаевтың қастандықпен өлтірілуіне байланысты жақын уақытта Рахат Әлиевті Австрия прокурорлары тергемек. Бұл туралы осы елдің құқық қорғау органдары хабарлаған.

Естеріңізге сала кетейік, Рахат Әлиевке «Нұрбанк» топ-менеджерлерінің өліміне қатысты сырттай айыптар тағылған-ды. Жолдас Темірәлиевтің, Айбар Хасеновтің өлімі Әлиевтің қолымен жасалғаны анықталып, Қазақстан тарпы 2008 жылы Әлиевті сырттай 40 жылға соттаған болатын.

Мемлекет және қоғам қайраткері, саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлы,  оның оққағары мен жүргізушісі 2006 жылы  13 ақпанда Алматы маңында қастандықпен өлтірілді.  Бұл қылмысқа бұған дейін Ержан Өтембаев айыпты саналып, 20 жылға сотталған. Рустам Ибрагимов тапсырыспен кісі өлтіру айыбы бойынша өмірлік қамауға кесілген еді. 2013 жылдың соңында Қазақстан Бас прокуратурасы Ибрагимовтің жаңа түсініктемесіне байланысты Сәрсенбаев ісіне айыптылар қатарына Әлиевті де қосып, жаңадан іс қозғады. 

Президенттің қызы Дариға Назарбаеваның бұрынғы күйеуі Рахат Әлиев биыл,  6 маусымда Венада тұтқындалды. Қазіргі таңда қамауда отыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1149
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2682
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 796
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 768