Жексенбі, 13 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4916 0 пікір 16 Қыркүйек, 2014 сағат 11:16

ШӘКӘРІМГЕ ҚАТЫСТЫ ЖАҢА ФОТОСУРЕТТЕР ТАБЫЛДЫ!

Мәскеу қаласындағы архивтерге іссапардың нәтижесінде Шәкәрім Құдайбердіұлының құс ұстап түскен фотосуретінің түпнұсқасы және ақынның баптаған құсының фотосуреті, Шақпақтастағы Шәкәрім ауылының жалпы көрінісі, сол ауылда түсірілген қазақ халқының салт-дәстүріне қатысты көптеген бұрын белгісіз, жарияланбаған фотосуреттер табылды.

Сонымен қатар, қазақ халқының тұрмысын, әдет-ғұрыптарын зерттеуші Ф.Фиельструптың Шәкәрім Құдайбердіұлымен кездесуі туралы жазбалар, Шәкәрімнің зерттеушіге құсбегілік және қазақ халқының сүт өнімдері жайлы берген деректері туралы жазбалары табылды.

Бұл фотосуреттер мен жазбалар Шәкәрім Құдайбердіұлының өміріне және Шыңғыстау өңірінің тарихына қатысты өте құнды тың деректер.

М.Қайрамбаева

Абай мұражайы директорының ғылыми

 жұмыстар жөніндегі орынбасары

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1132
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2663
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 779
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 746