Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4412 0 пікір 29 Сәуір, 2010 сағат 07:26

Алматыда «Комсомольская правда в Казахстане» және «Известия. Казахстан» газеттерінің кеңселеріне шабуыл жасаған екінші адам 4 жылдан кейін ұсталды

Алматы. 29 сәуір. ҚазТАГ - Алматыда «Комсомольская правда в Казахстане» және «Известия. Казахстан» газеттерінің кеңселеріне қарақшылық шабуылға қатысқан екінші адам 4 жылдан кейін ұсталды, деп хабарлады құқық қорғау органдарындағы сенімді дереккөз.

ҚР ҚК 179 бабы, 3 бөлімі (ұйымдасқан топ жасаған қарақшылық) бойынша айыпталып, 2007 жылдың қаңтар айынан мемлекетаралық іздеу жарияланған 27 жастағы фигурант Алматының Әуезов ауданы 11 шағын ауданындағы көп қабатты үйлердің біріндегі пәтерде ұсталды, дейді дереккөз.

Дереккөз еске салып өткендей, басылымдардың кеңселеріне шабуыл 2006 жылдың сәуірінде жасалған. Қарақшылар тобы қылмыстарын алдын ала ойластырып, түнде редакциялардың ғимараттарына енген. Екі күзетшіні естен тандырған қаскүнемдер Т6 млн ақшасы бар екі сейфті алып кеткен.

Қарақшылық шабуылға қатысқан бір адамды полиция ертерек қолға түсірген. Газеттердің қолды болған қаржысының табылып-табылмағаны хабарланбай отыр.

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 961
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2470
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 665
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 642