Жексенбі, 13 Қыркүйек 2026
Деп жатыр 7461 0 пікір 11 Қыркүйек, 2014 сағат 12:33

ДЕПУТАТТАР АЙЛЫҒЫМЫЗДЫ ӨСІРСЕ ДЕЙДІ...

Сенат Депутаты Светлана Жалмағамбетова Парламент жалақысын үкіметпен теңестіруді ұсынған. Бұл туралы Tengrinews.kz жаңалықтары хабарлады.

«Үкіметке қарата ұсыныс айтқым келеді. Біздің елде биліктің үш бұтағы бар, заң шығарушы, сот, атқарушы үкімет. Заңға сәйкес биліктің қай тармағы болмасын тең құқылы. Сәйкесінше, моральдық, материалдық, еңбекақы мөлшерлері де бірдей, тең болуы керек. Өкінішке қарай, осы жылы мынадай жөнсіздік болды: "А" тобындағы мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы мен Үкімет мүшелерінің жалақысы көтерілген кезде Парламент пен Жоғарғы сотта ешқандай өзгеріс болмады», - деп мәлімдеген Жалмағамбетова ханым Парламент палатасының пленарлық отырысында.

 «Өкінішке қарай,  бүгінгі таңда Жоғарғы сот аппараты Премьер-министр мен Парламенттің кеңсесінен де  аз жалақы алады. Мен сондықтан қазіргі сәттен бастап, алдағы уақытта билік тармақтарында материалдық қамдаудың бірыңғай болуын, Жоғарғы соттың материалдық тұрғыдан қамтамасыз етілуі Премьер-министрдің кеңсесімен теңесуін, жалақылардың бірдей болуын талап етемін», - деп қорытындылаған өз сөзін депутат ханым.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1146
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2680
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 794
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 762