Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3886 0 пікір 29 Сәуір, 2010 сағат 07:28

Израильдің хирург-офтальмологтары Қарағандыда соғыс ардагерлері үшін тегін операциялар жасап жатыр

Қарағанды. 29 сәуір. ҚазТАГ - Қарағандыға Израильден профессор Шмуэль Левингер бастаған танымал хирург-офтальмологтар тобы келді, деп хабарлайды ҚазТАГ тілшісі. Мамандар бір аптаның ішінде Қарағанды көз микрохирургиясы емханасының базасында елуге тарта күрделі операция өткізеді. Олардың пациенттері соғыс ардагерлері және оларға теңестірілген азаматтар болмақ.

«Операциялардың бәрін және емдеу курсын «ENRC Management KZ» компаниясы әлеуметтік әріптестік туралы меморандумның шеңберінде, соның ішінде ардагерлерге 10 млн сонамның медициналық көмегін көрсету туралы тармағы бойынша қаржыландырады, - дейді әкімдіктегілер.

Сәрсенбі күні шетелдік мамандарды облыс әкімі Серік Ахметов қабылдады. Ол израильдік офтальмолог мамандарды шақыру идеясы Жеңістің 65 жылдығын мерекелеуге байланысты ардагерлерге көмек көрсету үшін пайда болғанын айтты.

«Ондай операцияларды жасау үшін қажет база бізде бар. Израильдік офтальмологтардың тәжірибесі біздің мамандарға пайдалы және осындай емге мұқтаж облыс тұрғындарына көмек болады. Біз мұндай көмекті алдағы уақытта да тәжірибеге алмақпыз. Бұл үшін ұзақ мерзімді ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою қажет», - деді облыс әкімі.

Профессор Шмуэль Левингер әріптестерімен бірге Қарағандыға келу туралы шақыруды ойланбастан қабыл алғандарын айтты. «Жеңістің 65 жылдығы - екінші Дүниежүзілік соғыс туралы ұжымдық естелігіміздің бөлігі, ал қазақстандықтар жеңіске өз үлестерін қосты», - деді профессор.

Доктор Левингер Қарағанды облысындағы офтольмологиялық қызметтің жоғары деңгейін атап өтті.

Сондай-ақ, Израиль мамандары қарағандылық әріптестері үшін шеберлік сағаттарын өткізді.

«Доктор Шмуэль Левингер - әлемдік деңгейде танылған беделді маман. Иерусалимдегі «Бикур Холим» медициналық орталығының офтольмология бойынша бас консультанты және Еуропаның офтольмология қоғамдастығындағы (ESCRS) Израильдің бас өкілі.
«Ол «ласик» және «интраласик», бұған қоса, «нейровижен» жаңаша әдістемелерін бірінші болып қолданғандардың бірі, - деді Қарағанды көз микрохирургиясы емханасының директоры Владимир Ким.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321