Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 10653 0 пікір 5 Қыркүйек, 2014 сағат 17:06

«ОТБАСЫ КҮНІ»: ЗЕЙНЕП АХМЕТОВА ШЫМКЕНТКЕ САПАРЛАП КЕЛДІ

«Отбасы күні» мерекесі қарсаңында Оңтүстік Қазақстанда ауқымды шаралар атқарылуда. Соның бастамасы ретінде бүгін облыстық ішкі саясат басқармасының ұйытқы болуымен өтетін шараға көрнекті жазушы, қазақы дәстүрлерді насихаттаушы, халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова келді. Шараға қатысушылар алдымен Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, халық қаһарманының рухына тағзым етті.

Одан кейін мәртебелі мейман М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінде болып студент жастармен, білім ордасының ұстаздарымен кездесті. Университет қабырғасында ұйымдастырылған «Отбасы – мемлекетіміздің іргетасы» шарасына қатысып, отбасылық құндылықтар, ата-дәстүріміздің заман талғамына сай қайта жаңғыртылуы, үлкенге ізет, кішіні құрмет тұту сынды мәселелер бойынша өз ойларын білдіріп, жас буын өкілдерімен өзара пікір алмасты. Түс қайта Зейнеп Ахметова облыстық «Отырар» кітапханасына келіп «Бабалар аманаты» атты кітабының таныстырылымын өткізеді, оқырмандармен жүздеседі.

ОҚО әкімі аппаратының баспасөз қызметі

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364