Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
Қаза 17823 0 пікір 16 Тамыз, 2014 сағат 19:28

ШӘКЕН НИЯЗБЕКОВ ДҮНИЕДЕН ОЗДЫ

Бүгін, яғни, 16 тамызда суретші, мемлекеттік тудың авторы, Қазақстандағы дизайн өнерінің негізін қалаушылардың бірі, Қазақстанның өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков дүние салды.

Abai.kz ұжымы марқұмның отбасына, туған-туыс мен дос-жарандарына, замандастарына қайғырып көңіл айтады.

 

Шәкен Ниязбеков 1938 жылы 12 қазанда Жамбыл облысында дүниеге келген.

Ленинградтағы  В.И.Мухин атындағы көркем - өнеркәсіптік училищесін бітірген.        

Шәкен Ниябеков –  Қазақстанның Мемлекеттік Тудың авторы. 1992 жылы мемлекеттік тудың жобасына жарияланған халықаралық байқау қатысқан суретші Қазақстан, Түркия, Германия, Монғолия және ТМД елдерінен өз жұмыстарын жолдап, бақ сынаған 1200 тарта суретшінің ішінен жеңіске жетті. Сөйтіп, Қазақстанның мемлекеттік туының авторы атанды.

Сурет фотограф Шүкір Шахайдың "Тәуелсіздік - қас-қағым сәт" кітабынан алынды.

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1029
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2577
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 718
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 682