Бейсенбі, 10 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 6293 0 пікір 14 Тамыз, 2014 сағат 11:59

Финландияда мұсылмандар жерленетін жер тапшы

Финляндияның Уусимаа аймағындағы мұсылмандар о дүниелік болғандарды қоятын жер таппай дал. Қаншама жылдар бойына лютеран шіркеуінің моласына мұсылмандарды жерлеп келген фин мұсылмандары 2008 жылдан бермен қарай мұсылмандар қорымына лайықты жер іздеумен келеді, деп хабарлайды E-islam.kz.

Алты жылдың ішінде Финляндияның оңтүстігінде орналасқан Уусимаа облысына қарасты жалпы саны 16 қала мен елді мекеннің мұсылмандары осы сұраныспен билік алдына жиі барыпты. Алайда, әзірге нәтижесі болмаған. 5,2 млн финляндиялықтың 40-45 мыңы исламды ұстанады. «Islam-today» ақпараттық порталының хабарлауынша Фин еліне ислам 19 ғасырда Балтық жағалауын жайлаған татарлар арқылы тараған. 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1033
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2582
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 723
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 685