Алматы күнінде Алматыда Алма саябағы ашылады
Қала күніне орай ұйымдастырылған мерекелік шара биыл 21 қыркүйек Тұңғыш Президент саябағында аталып өтеді. Тұңғыш Президент саябағы бір күнге Алма саябағы атанады. Бұл жерде AppleFest шарасы ұйымдастырылады, деп хабарлады қалалық мәдениет басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Baq.kz
Ал саябақтың көптеген келушілерін (100 адамға жуық) нағыз Алма Ата қарсы алады. Нақ осы күні көрермендердің арасында қала басшысы да болады. Ол қалалықтар алдында құттықтау сөз сөйлейді.
Мерекені ұйымдастырушылардың ойынша, ғаламат оқиға «жалпы жұртшылықтың өзін өзі танытуы мен шығармашылық атмосферасын аспандатып, кез келген жастағы адамдардың жанына жақын сәттердің бірі болуы тиіс». Саябақ шамамен 8 интерактивті алаңшаларға бөлінеді.
«Apple Music -те фестивальдің ең басты сахнасы орналасады. Мұнда күні бойы кең ауқымды концертті бағдарлама өтеді, барлығы да сүйікті қаламыз Алматыға арналған классикалық оркестрлік музыкадан бастап соңғы заманауи танымал хиттардың орындаушыларына дейінгілерді қамтиды. Алма базарына немесе APPLE БАЗАР-ға облыстан келген фермерлер өз өнімдерін жеткізеді. APPLE Драйв- жастардың дем алуына арналған аймақ. Мұнда скейт-парк роллерлер үшін рампа және BMX-ерлер, ди-джейлер үшін сахна орналасады», - делінген хабарламада.
APPLE FAMILY балаларға арналған алаңша, мұнда үрленген аттракциондар, PLAY&HAVE FUN аймақтары, шығармашылық және шеберлік кластары, сондай-ақ, қуыршақ театрларының спектакльдеріне арналған алаңша, цирктік нөмір алаңдары, кәсіби де және балалар шығармашылығы ұжымдарының да алаңдары бар.
Apple Dance еркін қимыл мен би алаңы. Бұл жерде жас мөлшері әртүрлі адамдар тобы өз өнерлерін көрсете алады. Мұнда қалалық жетекші хореографтардың шеберлік кластары үшін би алаңы орналасады. Apple Karaoke ән айту алаңы, көтеріңкі көңіл күй мен көңілді дем алу алаңы. Осы жерде алматылықтар өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсете алады.
Сондай-ақ, мереке қонақтары құпия «Ньютон қорасына» кіре алады. Мұнда алмамен байланысты түрлі конкурстар өтетін болады. Ал саябақ ішінде қалалықтар велосипедті жалға алып, қыдырыстай алады.
Абай-ақпарат