Сауд Арабиясы терроризммен күреcке БҰҰ-ға 100 млн. $ бөлді
Сауд Арабиясының билік өкілдері БҰҰ-ға терроризммен күресу үшін 100 млн. доллар бөлді. Бұл қаражат 2011 жылы Сауд королінің бастамасымен құрылған антитеррористік ұйымдастыру орталығына жөнелтіледі, деп хабарлады ҚазАқпарат BBC-ге сілтеме жасап.
Нью-Йоркте БҰҰ басшыларына чекті ұсынған АҚШ-тағы Сауд Арабиясының елшісі Абдель бин Ахмед Джубир терроризм барлық дінге жат және оны халықаралық әрекет арқылы жою керек деген. Осыған дейін Сауд Арабиясының билігі ирак босқындарына көмектесу үшін жарты миллиард долларға жуық қаржы бөлген еді.
Абай-ақпарат