Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Билік 6797 0 пікір 11 Тамыз, 2014 сағат 15:49

Біз халықтың жан басына шаққанда сүт тұтыну бойынша үздік үштіктің қатарындамыз – Сауэр

Біз халықтың жан басына шаққанда сүт өнімін қолдану бойынша үздік үштіктің қатарындамыз. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Қазақстанның ет-сүт одағы» ЗТБ төрағасы Иван Сауэр мәлімдеді.

«Сүт өнімдері импортының үлесі өткен жылы 2012 жылмен салыстырғанда өсті. Өнім өндірісінің статистикасына қарасақ, біз 5 млн 500 мың тонна сүт өндіреміз. Бұл көрсеткішке сәйкес, жан басына шаққанда сүт тұтыну бойынша дамыған үздік үш елдің қатарына кіреміз. Бірақ, бұл көлемнің тек төрттен бірі ғана өңделеді. Ұсақ тауарлы өндіріс, ішінара орта тауарлы өндіріс өнім өңдеу процесінен толық алынып тасталған», - деді ол.  

Оның айтуынша, Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы субсидиялау тетіктерін қайта қарастыруға назар аударды.

«Мемлекет субсидия ретінде қомақты қаражат бөледі, мал шаруашылығы саласын дамытуға бағытталған көптеген бағдарламалар бар. Президент нақты тапсырма берді. Қазір ұлттық кәсіпкерлер палатасы үкіметпен бірлесіп ұсыныстар әзірлеп жатыр. Субсидиялау механизмін өзгерту керек», - деді ол.

Оның айтуынша, бұл тұжырымдама тамыз айында дайын болады деп ойлаймын. Бұл екі-үш  жылда өнім өндірісі және оны өңдеу бойынша жағдайды түбегейлі өзгертуге мүмкіндік береді.

«Егер біз өзіміздің сүтті өңдей алатын болсақ, бұл жағдайда өзімізді толық қамтамасыз ете алатындай деңгейге жақынбыз. Ал бүгінде ресми статистикаға сүйенсек, 70 пайызға жуық сүт өнімдерін шеттен жеткіземіз. Бұл дұрыс емес, бізге кооперация керек», - деді И.Сауэр.  

www.strategy2050.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2048