Украина 7 ай ішінде алтын-валюта қорының бестен бірін жоғалтты
Жедел мәлімет бойынша, 2014 жылдың шілдесінде Украина Ұлттық банкінің алтын-валюта қоры 5,93%-ға немесе 1,01 млрд долларға төмендеп, 31 шілде күні 16,07 млрд долларды құрады. Бұл туралы Ұлттық банктің хабарламасында айтылған, деп хабарлайды BNews.kz.
Тұтастай алғанда биылғы жылдың жеті айы ішінде УҰБ алтын-валюта қоры 21,29%-ға немесе 20,42 млрд доллардан 4,34 млрд долларға төмендеген. Ұлттық банктің мәліметіне сәйкес, шетелдік валютадағы қор шілденің соңында 14,38 млрд долларды құрады, ХВҚ-дағы резервтік позициясы - 0,03 млн доллар, қарызға алудың арнайы құқығы - 15,39 млн доллар, алтын - 1, 68 млрд доллар.
Абай-ақпарат