Нұротан партиясының есебі
«Қазақстан Республикасының «Саяси партиялар туралы» Заңының 18-бабы 5-тармағына сай, «Нұр Отан» партиясы партияның Саяси Кеңесінің шешімімен бірауыздан бекітілген 2013 жылғы кірістер мен шығыстары туралы есебін жариялайды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. Жарияланған есепке қарағанда, 2013 жылғы партияның кірістері 5 857 260 мың теңгені, оның ішінде, коммерциялық емес қызметтен - 5 447 518 мың теңге, ал коммерциялық қызметтен - 409 742 мың теңгені құраған. Қазіргі уақытта партияның кірістері: партиялық жарналардан, республикалық бюджет қаражатынан, кәсіпкерлік қызмет табыстарынан (активтерді басқару, орын-жайларды жалға беру және т.б.), екінші деңгейлі банктердегі салымдардан, Қазақстан Республикасы азаматтарының және мемлекеттік емес ұйымдарының қайырымдылықтарынан және тағы басқаларынан құралады.
Соның ішінде партиялық жарналардан кіріс 721 млн. теңгені, ал партияны республикалық бюджеттен қаржыландыру 3 146 880 мың теңгені құрады. Бұдан бөлек, партияға кәсіпкерлік қызметтен және жалға беруден түскен кірістер 377 млн. теңгені, депозиттер бойынша сыйақы сомасы 1 197 270 мың теңгені құрады. Барлық салымдар Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктеріне орналастырылған. Ал демеушілік және қайырымдылық көмектерден түскен табыс 382 368 мың теңгені құрады. Заңнамаға сәйкес партияға жәрдем қаражаты Қазақстан Республикасының азаматтары мен мемлекеттік емес ұйымдарынан ғана қабылданады.
Ал 2013 жылғы шығыстар 5 123 094 мың теңгені құрады. Соның ішінде жалақы төлеу бойынша шығыстар: 2 169 729 мың теңге. 2013 жылдың 31 желтоқсанында партияның штаттағы қызметкерлерінің саны (Орталық аппарат пен филиалдар) 1 099 бірлікті құрады. Штаттағы қызметкерлердің 2013 жылғы орташа жалақысының мөлшері 148 664 теңгені құрады. Техникалық
2013 жылғы 31 желтоқсанда партия мүшелерінің саны 864 мың адамды құрады.
Партия құрылымында «Нұр Отан» партиясы «Қоғамдық саясат институты» және «Нұр Отан» партиясы «Саяси менеджмент мектебі» секілді коммерциялық емес ұйымдар (жеке мекемелер) өз қызметін жүзеге асырады. Сондай-ақ, партия 2 коммерциялық ұйымның 100% меншік иесі болып табылады: Олар - «Нұр Отан» Шаруашылық басқармасы» ЖШС және «НҰР Медиа» ЖШС.
Абай-ақпарат