Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 5151 0 пікір 30 Шілде, 2014 сағат 15:10

Рожковское кен орнында жаңа мұнай шоғыры табылды

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (бұдан былай – «ҚМГ БӨ», «Компания) Рожковское кен орнында  тас-көмір кезеңіндегі башқұрт шөгіндісінде жаңа мұнай шоғырының табылғанын жариялайды. Нақтылап айтқанда, 2013 жылы кен орнының  солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан U-24 ұңғымасында башқұрт шөгінділерінің қабаттарын сынау кезінде  максималды дебиті тәулігіне 1,9 мың  мбб болатын жеңіл, сусыз мұнай және тәулігіне 6 млн. текше фут болатын газдың өндірістік ағымы алынды, бұл штуцерде 24/64 (9,5 мм) тең. Осыған дейін бұл телімдегі барлау жұмыстары бобрик және турней қабатынан көмірсутек іздеуге бағытталған. Сол себепті, Miller and Lents, LTD компаниясы 2013 жылдың соңындағы жағдай бойынша Қоғамның шикізат қорларын бағалағанда жаңа шоғырдағы қорлар есепке алынбаған.

 Осылайша, башқұрт шөгінділеріндегі жаңа шоғырдан шикізат атқылауына байланысты, Рожковское кен орнының қорлары өсуі мүмкін. Қорлардың қаншалықты артатыны келешектегі геологиялық-барлау жұмыстарының нәтижесі бойынша айқындалады.

ҚМГ БӨ Бас директоры Абат Нұрсейітов: «Федоровский блогындағы башқұрт шөгінділерінде жаңа мұнай шоғырының табылуы бұл активтің жоғарғы потенциалын дәлелдейді. Бұл жаңалық Компанияның қорларын толтыруға және арттыруға бағытталған ҚМГ БӨ геологиялық-барлау жұмыстары жоспарының біртіндеп іске асырылып жатқанының дәлелі»,-деп мәлімдеді.  

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5322