Мажіліс Байқоңыр тұрғындары мен персоналына медициналық қызмет көрсетілу тәртібі жөніндегі ҚР мен РФ арасындағы келісімнің бекітілуін мақұлдады
Астана. 5 мамыр. ҚазТАГ - Айнагүл Бекеева. ҚР парламентінің мәжілісі сәрсенбі күні алқалы отырысында «Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасында Peсей Федерациясының "Байқоңыр" кешенiн жалға алу шартымен "Байқоңыр" кешенінiң персоналына, Байқоңыр қаласының, Төретам және Ақай кенттерiнің тұрғындарына медициналық қызмет көрсетудiң тәртiбі туралы келiсімді бекіту туралы» заңды мақұлдады.
Аталған келісімге ҚР мен РФ арасында 2009 жылы 17-ші қарашада қол қойылған. Оны іске асыру мақсатында құзыретті органдардар ретінде, ҚР денсаулық сақтау министрлігі мен федералдық медико-биологиялық агенттік тағайындалған.
Мәжілістің салалық комитетінің қорытындысында айтылғандай, ғарыш айлағының персоналы мен қала тұрғындарына медициналық қызмет Ресей заңнамасына сай, денсаулық сақтаудың федералды ұйымдары мен оның бөлімшелерімен көрсетіледі.
Өз кезегінде аталған кенттердің тұрғындарына медициналық қызмет пен санитарлық-эпидемиялық шаралар Қазақстан заңнамасына сай және ҚР денсаулық сақтау мекемелерімен көрсетіледі.
Сонымен қатар, «Байқоңыр» кешенінің ресейлік мекемелерінде жұмыс істейтін РФ және ҚР азаматтарына медициналық қызмет ресей тарапының құзыретті органдарымен және денсаулық сақтау ұйымдарымен көрсетіледі.

Заң жобасын мәжілісте таныстырған денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевтің айтуынша, «Байқоңыр» кешенінде жұмыс істейтін қазақстандықтарға, қаланың жұмыс істемейтін тұрғындарына, кешен территориясында уақытша жүрген азаматтарға, сондай-ақ ҚР мекемелерінде жұмыс істейтін РФ азаматтарына медициналық қызметті Ресей құзыретті органдары көрсетеді. Ал ол қызмет үшін төлемақы Қазақстан бюджетінің есебінен кепілденген тегін медициналық көмек аясында бөлінеді.