Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 12925 0 пікір 17 Шілде, 2014 сағат 12:18

ҰЛТТЫҚ ИДЕЯ ДЕГЕН НЕ?

Кеңес өкіметінің керауыз идеясынан кейін идеология деген сөзді ауызға алудан қашатын болып алдық. Мүмкін, бұл да жөн шығар. Бірақ, өз алдына егемен ел боламын деген мемлекет Ұлттық Идеядан бас тартпау керек еді. 

ХХ-шы ғасырдың сұңғыла саясаткерлерінің бірі Уинстон Черчил: «Ұлыбританияның жауы да жоқ, досы да жоқ, ұлттық мүддесі ғана бар» деген. Ұлттық мүддесі жоқ елдің ұлттық мемлекет те жоқ деген сөз бұл. 
Қазақта ұлттық идея бар ма? Бар, әрине. Оның ең біріншісі, ата-бабамыздың қаны мен терінің арқасында аман қалған ұлан-асыр ұлттық территориямыздың тұтастығын сақтау. Екіншісі, сол кеңістікте өмір сүріп жатқан өзіндік дәстүр-салты, әдет-ғұрпы бар жұртымызды жаһанданудан сақтап қалып, оның шын мәніндегі ұлттық тәуелсіздігін қамтамасыз ету. 
Қаза берсең, шыға береді. Бүгінгі таңда соның ең бастысы – ана тіліміздің мемлекеттік мәртебесін күшейтіп, бүкіл дүние жүзіндегі мәдени ұлттық экономикалық, әлеуметтік дамудағы озық үлгілерді өз бойымызға терең сіңіріп алу болып тұр. 
Республикамызда ұлтаралық татулық бүгінде өз жемісін берді. Бұл да біздің ұлттық идеямыздың маңызды бір саласы еді. Ендігі мәселе ұлттық рухымызды тексіз космопалитизмге айырбастап алмауымыз керек. 
Жапондарға қараңыз. Дүниедегі ең сапалы радио, теле-видео, компьюторлық техника қай елде? Жапонияда! Базарда Қытай дүниесі өтімді ме, жапондікі өтімді ме? Жапондардың техникасы, әрине. Бұл Азияда ғана емес6 төрткүл дүниедегі жапондардың ұлттық идеясының мықтылығын көрсетеді.
Ал, бізден не шығады? Жарытып айту қиын. Ендеше, біздің ұлттық идеямыз да әлі төмен дәрежеде. 
Қазақтың ұлттық идеясын аспаннан іздеп керек жоқ. Бәрі де Абайда тұр. Қанағат. Еңбек. Талап. Ой. Рахым. Абай бес нәрсеге асық бол, бес нәрседен қашық бол деп тегін айтпаған. Біздің қазақ Абай айтқан бес нәрседен қашып, бес нәрсеге асығуы керек. Ұлттық идея, міне,-- осы!

(Серік Ақсұңқарұлының фейсбуктегі парақшасынан)

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5387