Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2935 0 пікір 5 Мамыр, 2010 сағат 06:08

Қазақстан мен Қытай СІМ басшылары телефон арқылы болған сұхбатында ШЫҰ мен АӨСШК аясындағы өзара іс-қимыл мәселесін талқылады

Астана. 5 мамыр. ҚазТАГ- ҚР мемлекеттік хатшысы - сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев пен Қытайдың сыртқы істер министрі Ян Цзечи сейсенбі күні телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.

«Сұхбатшылар екі жақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылай отырып, оның серпінді және тиімді дамып отырғанын атап өтті. Сондай-ақ екі елдің бүгіндері беделді халықаралық ұйымдарға айналып отырған Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) мен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (АӨСШК) аясындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады», - делінген сәрсенбі күні таратылған хабарда. 

СІМ мәліметтерінше, екі елдің сыртқы ведомство басшылары «қазақстан-қытай ынтымақтастығының серпінді дамуына ҚР президенті Н. Назарбаев пен ҚХР төрағасы Ху Цзиньтао арасындағы дәстүрге айналған байланыстары мен өзара сапарлары септігін тигізіп отыр», деп атап өтті.

Олар сондай-ақ екі ел басшыларының былтыр желтоқсанда Астанада қол жеткізген келісімдерінің толық жүзеге асыруына барлық күш жігерді салатын ниеті барлығын қуаттады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364