Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3816 0 пікір 15 Шілде, 2014 сағат 11:04

Қауіпсіз ұшуларды қамтамасыз етудің қамы

 

Көлік және коммуникация министрлігі көлік саласындағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі жұмыс тобын құруға бастама жасауда.

Көлік және коммуникация министрлігінде ҚР туристік нарығында чартерлік тасымалды дамыту мәселелері жөнінде кеңес өтті. Кеңесті қорытындылаған министр Жеңіс Қасымбек Азаматтық авиация комитетіне  көлік саласындағы нормативті-құқықтық актілерді жетілдіру жөніндегі жұмыс тобын құруға тапсырма берді деп хабарлайды http://mtc.gov.kz. сайты.

 

Қазіргі кезде Азаматтық авиация комитеті мүдделі мемлекеттік органдардан, Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан, туристік ұйымдар мен авиакомпаниялардан комиссияға кіретін кандидатураларын күтуде.

Жұмыс тобының негізгі мақсаты – туристік компаниялардың клиенті болып табылатын Қазақстан азаматтарын келеңсіздікке ұшырататын қиын жағдайларды болдырмау. Туристердің мүдделерін қорғау мақсатында жұмыс тобы көлік саласына, оның ішінде тасымалдаушыларға қатысты заңнамаға өзгерістер енгізу жұмысын жалғастырып, аталған саланы жетілдіру жөнінде ұсыныстар беретін болады.

«Жұмыс тобын құру туристік ұйымдар мен тасымалдаушылар жұмысындағы кездесетін сәйкессіздіктерді айқындауға көмектеседі. Көлік және коммуникация министрлігі өз құзырында халықтың өмірі мен денсаулығына қатер төндірмей қауіпсіз ұшуларды қамтамасыз ету үшін мүмкіндігінше жағдай жасап, ерекше көңіл аударып отыр», - деді Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Бекен Сейдахметов.

 

Абай-ақпарат 

 

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5404