Алматыда аламан айтыс өтті
Термешілер халықаралық Одағының ұйымдастыруымен 12 шілде күні Алматы қаласында «Өз еліңде Сұлтан бол» атты Республикалық аламан айтыс болып өтті. Айтысқа еліміздің аймақтарынан жас айтыскерлер қатысты.
Олар: Ахметов Марат – Ақтөбе, Әбенов Саят – Астана, Әділбек Сырым – Қызылорда, Әбдіманапұлы Дархан – Тараз, Бисенғалиев Айнабек – Орал, Есенқұлов Нұрлан – Шымкент, Қайболдин Ершат – Ақтөбе, Таңжарық Ержан – Астана, Оразбай Рахман – Алматы, Сұлтанхан Мейірбек – Астана, Садықбек Асхат – Шымкент, Сексентаев Білімбек – Астана, Сейітов Аян – Шалқар, Сембай Дәурен – Семей, Шұғатаев Аспанбек – Павлодар, Әміров Ержан – Қызылорда.
Айтысқа демуші болғандар белгілі меценаттар Өмірзақ Сәрсенов пен Құсайын Омаров айтыскерлерге сый жасап, жеңімпазға қомақты жүлде тапсырады.
Гранпри Сұлтанхан Мейірбек Астана;
1 орын – Есенқұлов Нұрлан Шымкент;
2 орын – Ержан Әміров Қызылорда;
3 орын – Шұғатаев Аспанбек Павлодар;
Абай-ақпарат