«Жабырқап жүрмін»(бейнебаян)
Құрметжан Бағдаулетұлы 1983 жылдың түлегі. Шыңжаңның Алтай аймағындағы сал-серілердің мекені Сауырдың баурайында туып-өскен. Қазір Үрімжі қаласында тұрады. Ол Қытайдағы қандастарымызға «Жаңа әуен» концерттік компаниясының әншісі ретінде етене таныс. «Бір сен үшін» атты ән таспасы жарық көрген.
«Жабырқап жүрмін» деп аталатын бұл бейнебаян - Құрметжанның алғашқы бейнебаяны.
Қазіргі уақытта дыбыс режиссері болып қызмет атқаратын Құрметжан Бағдаулетұлы алдағы күндерде бірнеше бейнебаянның тұсауын кеспек.
Әзірлеген Ерлан Төлеубай
Abai.kz