Сәрсенбі, 16 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 5290 0 пікір 11 Шілде, 2014 сағат 10:15

Түркі академиясы халықаралық ұйымға айналды

Қырғыз Республикасының президенті Алмазбек Атамбаев «Әзірбайжан Республикасы Үкіметі, Қазақстан Республикасы Үкіметі, Қырғызстан Республикасы Үкіметі мен Түркия Республикасы Үкіметі араларында Түркі академиясын құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қырғыз Республикасы Заңына қол қойды деп хабарлайды Түркі академиясының баспасөз қызметі.

   

 

Аталған Заңды Қырғыз Республикасының Жогорку Кенеші осы жылдың маусым айының 25 күні мақұлдаған болатын. Заң ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

 

Естеріңізге сала кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен дүниеге келген Түркі академиясына қатысты аталған келісімге 2012 жылдың 23 тамызында Бішкек қаласында қол қойылған болатын.

 

Келісімде «құрушы төрт мемлекеттің үшеуі құжатқа қол қойып, мақұлдаса Түркі академиясы ұйымы халықаралық мәртебе алады» делінген. Бұған дейін аталған заңды Әзірбайжан мен Түркия Парламенттері мақұлдап, Президенттері қол қойған болатын. Осылайша заңды ратификациялаған елдердің саны үшке жетті. 

 

2010 жылы Астанада ашылып, Қазақстанның қолдауымен жұмыс істеп келген Түркі академиясы алдағы бір айдың ішінде түгел түркі халқына ортақ халықаралық ұйым ретінде жұмысын бастайды.

 

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1231
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2758
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 886
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 836