Сенбі, 23 Қараша 2024
Айқай 5924 0 пікір 9 Шілде, 2014 сағат 11:11

ҚАЙРАТҚА ҮЙІРІЛГЕН "ҚАРА БҰЛТ"

Жұлдыздар дауы өршіп тұр. Қ.Нұртастың бұл бірінші дауы емес. «Прайм-Плазаның» алдында болған жанжалдың шоғы қайта келіп Қайраттың етегіне түсті.
Дәлірек айтсақ, «MC KZ» арнасының ашылу салтанаты кешіне белгілі әнші Қайрат Нұртас келеді деп жоспарланып, жұрт жабыла билет алған. Өкінішке орай ән салуға келген Қайратты ешкімде күтіп алмаған әрі ұйымдастырушыларда ізім-қайым жоқ болып кеткен.
Қайрат Нұртас елді сабырға шақыру үшін ортаға шығып, «Құрметті көрермендер, мен басқа әншілер сияқты келіп ән айтып кетуім ғана керек болған. Бірақ, осындай келеңсіз жағдайға тап келіп отырмыз. Билетте кештің қонағы Қайрат Нұртас деп тұр, қараңыздар. Мен Қайрат Нұртас болғаннан кейін менің суретімді шығарып қойыпты менің концертім сияқты. Егер рұқсат болса мен ән салып берейін әлде қалтамнан ақшаларыңызды қайтарып берейін», -деп ағынан жарылған Қайратқа халық «ән салшы» деп қолқа салған. Бірақ, соңынан анасына келіп ақша талап еткен.

Осы дауға байланысты Қайраттың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова «31» арнаға берген сұхбатында 1соңғы кездері Қайраттың жолын жапқысы келетіндер өте сұмпайы әрекеттерге баруда1 деп түсініктеме берді. Оның айтуынша, Қайраттың дұшпаны кім? Ол не үшін бұлай істеп жүр? Қазірге ешкімге белгісіз.  

Марұлан Ақан

 Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5404