АРЫСТАНСЫҢ АЗУЛЫ
(Иманғали Нұрғалиұлына)
Сен – Арыстансың азулы,
Асқақтаған айбаты!
Мен – Жолбарыспын жоны нық,
Лықсыған қайраты!
Арыстан мен Барыссыз,
Даланы – дала дей көрме!
Иіле қоймайды ешкімге,
Намысқа толы өр кеуде!
Арыстан ақырған аймақта,
Аңдып басады бөрілер!
Жолбарыс жортқан далада,
Таулар да биік көрінер!
Мықтылар жайлы тірлікте,
Бітпейді мәңгі жыр-аңыз!?
Білесіз бе, Сіз бен біз
бір қалада тұрамыз!
Қазақстанымды бір Алла
Бір Өзі жебеп, қолдасын!
Біз тұрғанда, Астана
О, қалай асқақ болмасын!!!
Ауыт Мұқибек
04.07.2014
Астана
Abai.kz