Жұма, 22 Қараша 2024
Өзіңе сен 6989 0 пікір 27 Маусым, 2014 сағат 14:18

«DAT» жобасы: Ұсталар «Алмас қылыш» пен гүржі ұстатты

Кеше Қазақстан Журналистер одағы биылғы Баспасөз күніне орай анықталған лауреаттарға әртүрлі атау-айдары бар сыйлықтар тапсырып бастаған. Кенет ортаға ұмытылып шыға берген ағайынды ұсталар – Тұрсынжан, Махмұт және Айтберген Жетенұлдары (Құлментегі) «DAT» жобасы бойынша шығып келе жатқан «Общественная позиция» газетінің бас оқырманы Ермұрат Бапиға «Алмас қылыш» сыйлығын тапсырды.

«Алмас қылыш» сыйлығы... Бұл қандай сыйлық?  «Алмасы қылыш» туралы Махмұт мырза былай деді: «Біз ұлтжанды бір топ қоғам өкілдерімен ақылдасып-келісіп, осыдан бірер жыл бұрын «Алмас қылыш» сыйлығын тағайындаған едік. Содан бері ұлт мүддесін ұран еткен азаматтарға қоғам өкілдерінің сыйы ретінде, өз қолымыздан құйған ежелгі көшпенділер қаруын сыйлық ретінде тарту етуді дәстүрге айналдырып келеміз. Оның бұған дейінгі иегерлері – Жәркен Бөдеш, Олжас Сүлейменов, Роллан Сейсенбаев, Талғат Айтбайұлы болды. Енді осы қатарға Ермұрат Бапиды лайық санап, «Алмас қылышты» тапсырып отырмыз».

Ермұрат Бапидің «қынына» алмас қылыш салаған ұсталар газеттің бас редакторының міндетін атқарушы батыр қыз Бақытгүл Мәкімбайдың қолына гүрзі ұстатты. Бәрекелде! 

- Біз, әрине, қалталы кәсіпкер емеспіз, бірақ ежелгі көшпенді қазақтың ұсталық өнері қолымыздан келеді. Оны бүгінде Қазақстан ғана емес, Түркі дүниесіне танытқан сыңайдамыз. Қазір біз өзімізбен пікірлес қоғам өкілдерінің келісімімен бұл сыйлықты елім деп, жерім деп, ұлтым, мәдениетім, ар-ұятым деп жүрген ұлтжанды азаматтарға беріп жүрміз. Кейінгі жастарға үлгі боларлық ағаларымызға да беріп келеміз. Ұлы Абай атамыз айтқан ғой: «Біріңді, қазақ, бірің дос, көрмесең, істің бәрі бос!» – деп. Сол үшін де бұл сыйлық біздің қолымызбен жасалған халықтың сыйлығы деуге болады, - дейді ағайынды ұсталардың кішісі Айтберген Жетенұлы.

 Рас, ұсталардың сыйлығы – халықтың сыйы. Әйгілі «Дат» жобасымен шығып келе жатқан газет үшін бұдан артық қандай сыйлық болсын! Қуанышқа ортақпыз.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321