Сенатор Иманқұлов ҚР-дың ЕҚЫҰ-ға төрағалығы кезінде қазақстандықтар үшін Еуропа елдеріне визасыз режим енгізуді ұсынды
Астана. 6 мамыр. ҚазТАГ - Дина Ермағанбетова. Парламент сенатының депутаты Иделбай Иманқұлов республиканың ЕҚЫҰ-ға төрағалығы кезінде қазақстандықтар үшін Еуропа елдеріне визасыз режим енгізуді ұсынды.
«Дипломатиялық төлқұжаттардың иелері де, Қазақстанның бүкіл азаматтары да сол кезеңде болса да (ҚР-дың ЕҚЫҰ-ға төрағалығы кезеңі) Еуропа елдеріне визасыз баруға құқылы деп ойлаймын», - деді ол бейсенбі күні палатаның кеңейтілген отырысында.
Сенатор өзі дипломатиялық төлқұжаттың иесі ретінде шенген визасын рәсімдеу кезінде әуре-сарсаңға түскенін айтып шағымданды.
«Сенбі күні жолға шығуға тиіспіз, ал бізге визаны кеше ғана берді. Бір айға жуық уақыт қарады. Неге және қандай себеппен екені түсініксіз», - деп ашынды И. Иманқұлов.
Депутат еуропалықтар Қазақстанға келу үшін визаны әлдеқайда тезірек алатынын атап көрсетті.
«Берлиндегі немесе Лондондағы біздің елшілік шетелдіктерге қуана мөр басатынын білемін. Мүмкін мемлекет екенімізді, біздің де пікірімізбен санасу қажеттігін көрсету үшін бізге де осындай шаралар қабылдау қажет шығар», - деді парламентарий.