Аңсар Мұсаханов мырза, халықтың басын дауға қалдырмаңыз!
28 мамыр күні Алматы облысы, Қарасай ауданы, Іргелі ауылдық округіне қарасты Кемертоған елді-мекеніндегі жер дауына қатысты тұрғындардың облыс әкіміне жазған ашық хатын жария еткенбіз (http://abai.kz/post/view?id=743). Бұл хатқа редакцияға жауап келді. Оны 20 маусым күні жарияладық (http://abai.kz/post/view?id=1014). Ал, бүгін Алматы облысы әкімінің орынбасары атынан жазылған жауап хатқа байланысты Кемертоған тұрғындарының тағы бір хатын назарларыңызға ұсынып отырмыз.
Тұрғындар облыс әкімі орынбасары жазған хаттағы салынуы жоспарланып отырған жолдардың өз иеліктеріндегі жер телімдеріне қатысы жоқ екенін айтады. Сонда Қарасай ауданы облысқа қандай мәлімет жіберіп отырғаны түсініксіз.
Алматы облысының әкімі
А.Т. МҰСАХАНОВ мырзаға
Алматы облысы Қарасай ауданы
Кемертоған ауылы
жаңақұрылыс тұрғындарынан
Құрметті Аңсар Тұрсынханұлы!
Өткен жолғы Қарасай ауданы Кемертоған ауылы тұрғындарының жазған хатына байланысты Өзіңіздің жеке блогіңіздегі жауабыңызда (жауап мерзімі: 16.06.2014, «Абай кз» порталында Облыс әкімінің орынбасары Т.Досымбеков жауабы жарияланды 20.06.): «Арыз иелерінің жер учаскелері Қарасай ауданының Іргелі ауылдық округіне қарасты Кемертоған ауылының ауыл шаруашылығы мақсатында пайдалануға арналған жерлерге жатады. Картографиялық материалдарға сәйкес, жер учаскелердің нысаналық мақсаты шаруа қожалығын жүргізу үшін берілген.
Жер учаскелердің иелері нысаналы мақсатын жеке тұрғын үй құрылысын салуға немесе өзіндік қосалқы шаруашылығын жүргізуге өзгертпегені және аталған жер учаскелерінде тұрғын үйлер салынғаны анықталды», – делінген. Бұл аталған жерлерді осы ауылдың, ауданның атқа мінерлері қарапайым халыққа өздері: «Өзіндік қосалқы шаруашылығына қалаға қосыларда өзгертіледі», – деп сатқан, халықты сендірген. Өздері бөлуге қол қойған. Сондай-ақ болашақта жердің пайдалану нысаны өзгертілмей, ауылшаруашылық мақсатында қалатын болса, 7-8-10 сотықтан бөлінген жерге мал бағып, егін салу қай ақылға сыяды және оны біле тұра халықты мазақ ету мақсатында бөле салғаны ма?
Бұл ауылда ауыл шаруашылығы мақсатында пайдалануға арналған жерлер тек біздердікі ғана емес, осы салынып жатқан жаңа құрылыс тұрғындарының барлығыныкі де сондай. Олар да енді-енді өзіндік қосалқы шаруашылығын жүргізуге ауыстыруға қам жасап жатыр. Неге барлығын бірдей етіп құжаттарын реттемеске?! Әлде бекітілмеген жобаға бола, не көкте емес, не жерде емес болып отырамыз ба?
Сондай-ақ: «...Жобалаушы мердігер «ГИС Инжиниринг» ЖШС-нің жоба-сметалық құжаттарына және ұсынған координаттарына сәйкес, жерге орналастыру жұмыстарын жүргізу барысында арыз иелерінің жер учаскелерінен «ҮАААЖ» дейін тесіп өтетін салынуы жоспарланған Алматы қаласының Рысқұлов көшесі өтетіні анықталды.
Жол белдеуінің ені 80 метр құрайды, және оған арыз иелерінің жалпы көлемі 3,85 га құрайтын (азаматтардың жерлері 0,06 га-0,08 га бөлінген) 55 жер учаскесі түседі. Оның 48 жер учаскесіне тұрғын үй салынғаны, 7 жер учаскесі игерілмеген», – деп жазыпсыздар. БІЗДІҢ ЖЕРЛЕРІМІЗДІҢ ЕШҚАЙСЫСЫ ДА ҚАЛАДАН КЕЛЕТІН РЫСҚҰЛОВ ПЕН АҚЫН САРА КӨШЕЛЕРІНЕ ЕШҚАНДАЙ ДА ҚАТЫСЫ ЖОҚ. СІЗДІҢ ҚОЛ АСТЫҢЫҢЫЗДАҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ ОСЫ БОЛАШАҚТА ӨТЕТІН РЫСҚҰЛОВ, АҚЫН САРА КӨШЕЛЕРІ НЕГЕ БАС ТАҚЫРЫП БОЛҒАНЫН ТҮСІНЕ АЛМАДЫҚ. ТАҒЫ ДА АЙТАМЫЗ, БІЗДІҢ ЖЕРЛЕРДІҢ БҰЛ КӨШЕЛЕРГЕ ЕШҚАНДАЙ ҚАТЫСЫ ЖОҚ.
Екі үлкен көшелердің ортасында қалатын, бекімеген жоспарларыңыз бойынша жолдың басы 20 (жиырма) метр, аяғы 6 (алты) метр болып бітетін, ақша бергендердің үйлерін айналып өтетін аралық жолдар ғой!
«Арыз иелері Кемертоған ауылында қолданыстағы заңнамалардың талаптарын бұза отыра жеке тұрғын үй құрылысы мен өзіндік қосалқы шаруашылығы құрылысын жүргізген», – делінген. Иә, бұл дұрыс. Бірақ та арыз иелері ғана емес, жаңадан салынып жатқан үйлер кем дегенде 500, 600 (бес жүз, алты жүз) шамасында салынған. Олардың да құрылыс салуға деген ешқайсысының рұқсаттары жоқ. Барлығы да ауыл шаруашылығын жүргізу мақсатында белгіленген жер телімдері. Ішінара құжаттарын реттегендер саусақпен санарлық қана. Тек олардың үстілерінен жол өтеді деген жоспар болмай тыныш жатқаны болмаса, дәл біздің жағдайымыздай. Қарасай ауданы Сәулет басқармасынан құрылыс салуға рұқсат алудың өзі бір үлкен машақат. Ауылдық, аудандық басшылардың өздері де үй салуға алынып отырғанын көріп, біліп отыр ғой. Қаншама құрылыс жүріп жатты. Сол кезде де олар үй салуға болмайтынын айтып неге ескертпеген? Керісінше, құжаттардың реттелетіндігін айтқан жоқ па? Әлде осындай шу болатынын білмеген бе, әлде сол құрылыстың ауыл іргесінде жүріп жатқанын көрмеген бе? Енді келіп үй салып жатқандар заңсыз салып алған болып шықты! Біз үкіметтен жол салуды, электр жарығын, газ, су тартуды сұрап отырғанымыз жоқ. Халық бірігіп жарығымызды, газымызды тартып алғанбыз. Судан да еш мәселе жоқ. Әрбір үйде бәленбай метрден қазып шығарылған ауыз суымыз бар. Жолымызды да өзіміз, халық бірігіп жөндеп жатырмыз. ТЕК СІЗДЕРДЕН ҰЛТАРАҚТАЙ ЖЕРІМІЗДІ ӨЗІМІЗГЕ ҚАЛДЫРУДЫ СҰРАЙМЫЗ! Қалған мәселенің барлығын өзіміз көтеріп, реттеп жатқанымызды жоғарыда айттық. Бұл жағдай реттелмегенде, шешілмегенде халық шулайын-ақ деп тұр! Ал, біздің жайымыз болса мынау болып тұр! «...Үлкен Алматы айналма автомобиль жолына (әрі қарай ҮАААЖ) дейін тесіп өту жобаларының технико-экономикалық негіздемелері мен жоба-сметалық құжаттары дайындалуда, алайда мемлекеттік сараптамадан әлі өтпеген», – деген жолдар бар, Өзіңіздің жеке блогіңіздегі берген жауабыңызда.
ӘКІМ МЫРЗА, БЕКІТІЛМЕГЕН МӘСЕЛЕ БОЛСА, БІР ЫҚПАЛ ЖАСАП, ҚАРАША ХАЛЫҚТЫҢ БАСЫН ДАУҒА ҚАЛДЫРМАУЫҢЫЗДЫ ӨТІНЕМІЗ!
Жаңақұрылыс тұрғындарының аты-жөн және жер телімдерінің кадастрлық нөмірі:
Ибраимова Р.Д. 03-047-117-48-33
Анарбеков Б.Т. 03-047-117-48-38
Байшапова К. 03-047-117-47-96
Джамбулов Т. 03-047-117-48-36
Тулепов М.А. 03-047-117-49-86
Абатаева Г.И. 03-047-117-39-22
Бабашев Қ.Ж. 03-047-117-39-26
Орымбаева Р.К. 03-047-117-41-83
Назарбекова Б.Б. 03-047-117-41-76
Кангелдиев Т.Н. 03-047-117-41-75
Турганбаев П. 03-047-117-48-30
Майдан Е.Б. 03-047-117-48-32
Асилова А. 03-047-117-41-78
Сабиева Г.А. 03-047-117-41-74
Мустафаев М. 03-047-117-48-34
Машимбаева А. 03-047-117-41-82
Кудабаева Н.Ш. 03-047-117-41-77
Мадиева О.Н. 03-047-117-49-90
Мадиева О.Н. 03-047-117-49-92
Кулымбетова Р. 03-047-117-48-10
Кенбаев Ғ. 03-047-117-47-89
Кабылов М. 03-047-117-48-08
Куанышбаев Т.С. 03-047-117-47-87
Бекболова Г.И. 03-047-117-41-56
Калдыбаева А.К. 03-047-117-41-16
Нурахметова Ж.М. 03-047-117-44-32
Баймуханбетова Қ.Б. 03-047-117-44-44
Сабденов А.Н. 03-047-117-44-43
Турлыбеков А.Т. 03-047-117-10-19
Турлыбеков Ш.Т. 03-047-117-11-73
Қобланбаев А.М. 03-047-117-44-45
Берекебусунов Р.Т. 03-047-117-10-85
Отарбай Т.Б. 03-047-117-41-17
Сабаева А. 03-047-117-44-47
Кайрлиева И.С. 03-047-117-44-48
Жанабилова А.С. 03-047-117-44-60
Абдувалиев М.С. 03-047-117-44-58
Исаханова А.Б. 03-047-117-44-6
Ибишев А.А. 03-047-117-44-64
Мустафаев М.Е. 03-047-117-48-18
Узбекбаев А.С. 03-047-117-48-17
Муталиев Р. 03-047-117-30-90
Сағындықов Қ. 03-047-117-47-97
Рустемов О. 03-047-117-22-54
Шыныбаева С. 03-047-117-48-14
Хасанова Б.К. 03-047-117-48-27
Утепова Б.И. 03-047-117-49-87
Abai.kz