ДОСХАН ЖОЛЖАҚСЫНОВ «ҚҰНАНБАЙ» КӨРКЕМ ФИЛЬМІН ТҮСІРЕДІ
Абайдың әкесі Құнанбайдың өмір жолын баяндайтын жаңа «Құнанбй» көркем фильмі осы жылы Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында түсірілмек. Inform.kz-тің жазуынша, бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында Семей қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Берік Көпбаев хабарлады. «1 шілдеден бастап Қазақстанға белгілі актер, продюсер және режиссер Досхан Жолжақсынов фильмді түсіру жұмыстарын бастайды», – деді Берік Көпбаев. Оның айтуынша, қазір облыста көптеген бөлімшелер түсірілім бастауға дайындық жүргізуде.
Еске сала кетейік, Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданының тумасы Досхан Жолжақсынов актер ретінде 20-дан астам киноға түсті, екі картинаның продюсері болды. 2009 жылы экранға оның «Біржан сал» фильмі шығып, қалың жұрттың ықыласына бөленді.
Абай-ақпарат