Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3873 0 пікір 19 Маусым, 2014 сағат 10:24

ТҮРКИЯДА ЭКС-ПРЕЗИДЕНТ ӨМІРЛІК ЖАЗАҒА КЕСІЛДІ

Түркияның бұрынғы президенті Кенан Эврен өмір бойына бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. 96 жастағы саясаткер билікке қарсы қылмыстары үшін кінәлі деп танылған. Кенан Эврен  1980 жылдың 12 қыркүйегінде мемлекеттік төңкерісті ұйымдастырушы саналады. Ол кезде Эврен армияның бас штабының бастығы болған. Осы оқиғалардан соң ол жаңа әкімшіліктің басшысы, кейін президент болып сайланды. Ол билікке келе сала жаппай қуғын-сүргін жасаған. Ресми мәлімет бойынша Эвреннің бастамасымен 178 мың адам тұтқынға алынған, 64 мың адам түрмеде отырды, 30 мың адам азаматтығынан айырылды, 50 адам өлім жазасына кесіліп, тағы 450-і азаптаудан өлді.

Бұрынғы президентпен бірге оның үзеңгілес серігі - 89 жастағы отставкадағы генерал Тахсин Шахинкая да сотталған. Ол бұрын елдің әскери әуе күштеріне қолбасшылық еткен. Мемлекеттік төңкеріс қатысушылары 2012 жылдан бастап жауапкершілікке тартылды. Сот процесі кезінде экс-президент пен серігі де денсаулығына байланысты келе алмады. Сот үкімі айтылған соң билік партиясы өкілдері сол төңкерістің басқа да көзі тірі қатысушыларын қатаң жаза күтіп тұрғанын мәлімдеді. Ал кезінде "істеуге тиіс нәрсені ғана істедім" деп мәлімдеген Эврен өз әрекетіне өкініш білдірмепті.

 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5387