Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3657 0 пікір 17 Маусым, 2014 сағат 13:07

РАХАТ ӘЛИЕВ ҚАЗАҚСТАНҒА ЭКСТРАДИЦИЯЛАНБАЙДЫ

 

Қазақстанның Австриядағы бұрынғы елшісі Рахат Әлиев сол елде өмірлік жазаға тартылуы мүмкін, - деп хабарлайды tengrinews.kz жаңалықтары Deutsche Welle басылымына сілтеме жсап.

Австрияның заңдары бойынша айыптау үкімі шыққан жағдайда Әлиев 20 жылдан өмірлік жазаға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Оның адвокаты Манфред Айнедтер сот процесінің бұдан әрі қалай өрбитініне қарамастан, өз қорғауындағы адамның Қазақстанға эктрадициялану мүмкіндігін жоққа шығарды. 

Австрияда "Нұрбанк" менеджерлері жесірлерінің мүддесін қорғап жатқан адвокат Геральд Ганцгердің айтуынша, кісі өлімі туралы істі алқабилер соты қарап жатыр, оның құрамына үш кәсіби судья мен сегіз алқаби кіреді. Заңгер процестің ашық болатынын айтты. Процестің қорытындысы бойынша үкімді тек алқабилер ғана шығара алады. "Алқабилердің көбі айыпталушыны кінәлі деп тануы керек. Егер дауыс тең болса, айыпталушыдан айып алынуы мүмкін", - дейді заңгер.

Бақылаушылардың айтуынша, Әлиев ісі бойынша алғашқы сот отырысы 2015 жылдың қаңтарынан кейін болуы мүмкін. Ганцгердің сөзіне қарағанда, әзірше айыптау қорытындысының қашан дайын болатыны, сот төрағасына іс материалдарымен танысу үшін қанша уақыт қажет болатыны белгісіз. "Бұл мыңдаған беттен тұрады", - дейді адвокат.

Вена прокуратурасының спикері Томас Вичай (Thomas Vecsui) адвокаттарынан сұрау түссе де, Әлиевтің кепілдікпен босатылмайтынын айтты. "Австрия қылмыстық іс жүргізу заңнамасында кісі өлтіру туралы істерде кепілдік енгізу қарастырылмаған", - дейді прокуратура өкілі.

Абай-ақпарат

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1471
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5420