Бейсенбі, 17 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3832 0 пікір 16 Маусым, 2014 сағат 09:41

Порошенко: Украина шекарасын шұғыл бақылауға алу қажет

Петр Порошенконың ресми интернет-өкілдігінде оның қарулы күштердің алдына қойған Украинаның мемлекеттік шекарасын бақылауға алу жөніндегі мәлімдемесі жарияланды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Мен Украина Қарулы Күштерінің алдына алғашқы кезектегі тапсырма - террористерге қару, техника, қосымша күштер, қаржы өткізіп жатқан  Украинаның мемлекеттік шекарасын бақылауға алуды тапсырдым.  Тек соңғы төрт күннің ішінде арнайы операция шеңберінде Мариупольде тыныштық орнап,  заңды тәртіп жолға қойылды. Мемлекеттік шекараның 248 шақырымы бақылауға алынды. Луганск және Донецк облыстары аумағындағы бірқатар елді мекендерде жалдамалы-содырлардың іс-қимылы тоқтатылды. 11 елді мекен лаңкестерден тазартылды. Соңғы тәуліктерде біздің ел территориясына кіруге әрекет жасаған қару-жарақ, оқ-дәрі тиелген 7 автомобиль колоннасы, бірнеше танк пен бронетранспортерлер және өзге де атыс құралдары жойылды»,-делінген мәлімдемеде.  

 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1269
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2813
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 918
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 866