Сенбі, 16 Мамыр 2026
Жаңалықтар 4012 0 пікір 16 Маусым, 2014 сағат 09:34

АҚШ сенаты Ресейге күшейтілген санкция салуға шақырды

АҚШ президентіне Ресейге қарсы қолданылып жатқан санкцияны күшейту туралы өтініш білдірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты BBC-дің орыс тілді қызметіне сілтеме жасап. Мұны АҚШ сенатының халықаралық істер жөніндегі комитет басшысы Роберт Менендес сұраған.

"Мен әкімшілікті қолда бар билігін қолдануға Ресей экономикасының қаржы, энергетика, тау-кен, металл өндірісі, инженерлік және қорғаныс сынды бірқатар секторында жұмыс істейтін тұлғаларға қарсы санкция енгізуге шақырамын" деген Обамаға жазылған Менендестің хатында.

Саясаткердің пікірінше, Ресей экономикасының бірқатар секторына қарсы қосымша санкция шаралары "Украиндағы Ресей Федерациясының жауластық, тұрақсыздық әрекеттеріне" байланысты қолданылуы тиіс. Менендес ресейлік билік Украинадағы қауіпсіздік күштеріне шабуылдап жатқан Украина ішіндегі сарбаздар отрядын қоздырып, қолдап, жарақтандыруды жалғастыруда деп атаған.

 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2787
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1894