Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3547 0 пікір 10 Маусым, 2014 сағат 10:21

МЫСЫР ҮКІМЕТІ ТОЛЫҚ ҚҰРАМДА ОТСТАВКАҒА КЕТТІ

Мысыр Үкіметі толық құрамда отставкаға кетті. Мұндай шешім Ибрагим Махляб басқарған министрлер кабинетінің 3,5 айлық жұмысының қорытынды отырысынан кейін қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі 24.kz. арнасына сілтеме жасап.

Сондай-ақ орнынан кетіп жатқан Премьер-Министр Ибрагим Махлябқа жаңа Үкіметті жасақтау тапсырылған. Естеріңізге сала кетейік, жаңадан сайланған Президент Әбдел Фаттах Ас-Сиси 8 маусымда өз міндетіне кірісті. Ел конституциясы бойынша, осы рәсімнен кейін атқарушы билік отставкаға кету туралы өтініш жазуы тиіс болатын. Ас-Сисидің өзі Махляб басқарған Үкімет құрамында бірнеше апта Қорғаныс министрі болып жұмыс істеді. Сарапшылардың пайымынша, өзін жақсы қырынан көрсетіп үлгерген Махляб Үкімет басшысы ретінде өз орнына қайта отыруы мүмкін.

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5443