РАХАТ ӘЛИЕВ 20 МАУСЫМҒА ДЕЙІН ҚАМАУДА БОЛАДЫ
Рахат Әлиевті қамауда ұстау мерзімі 20 маусымға дейін ұзартылады. Бұл туралы АРА басылымына сілтеме жасап Tengrinews.kz жазды. "Жұма күні Венаның мемлекеттік соты Австрияның бұрынғы елшісі Рахат Әлиевті қамау мерзімін жария етті. Қамау мерзімі 20 маусымға дейін ұзартылды" деп жазылған аталмыш басылымда.
Қазақстанның Австриядағы экс-елшісі Рахат Әлиев 5 маусым күні Венада құқық қорғау органдарына өз еркімен берілген болатын. Оны тұтқындауға мамыр айында ордер берілген. Әлиев сол себепті құзырлы органдардың ісіне «көмектескісі» келген. Бірақ ол Қазақстанға қайтарылмайды.
Daily Times газетіне сұхбат берген Әлиевтің адвокаты Манфред Анитер (Manfred Ainedter), оның қорғауындағы адам өз еркімен Австрияға оралып тергеуге көмектескісі келетінін айтқан. Рахат Әлиев 5 маусым күні кешкі 23:00 шамасында әуежайда полицияны өзі күтіп тұрған жерінде ұстаған.
Еске салайық, Қазақстан соты Рахат Әлиевті екі банкирдің (Жолдас Темірәлиев пен Айбар Хасенов) өліміне кінәлі деп тапқан болатын. Бұл екеуі 2007 жылы ұрланып кеткен, олардың мәйіті 2011 жылы табылды. Әлиевке елімізде 40 жылға бас бостандығынан айыру жазасын беруге сырттай үкім шығарылды. Рахат Әлиев Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің басшысы, Президент күзетінің басшысы сияқты жоғары лауазымдарды атқарған. Сондай-ақ Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы, Парламент депутаты Дариға Назарбаеваның бұрынғы күйеуі.
Австрия Әлиевке өз отанында әділ сот төрелігі қамтамасыз етілмейді деген шамалаумен оны Қазақстанға беруден екі рет бас тартты. 2011 жылдың шілдесінде құқық қорғау органдары Мальтаға кетіп үлгерген бұрынғы елшіге қатысты өзіндік тергеу бастады.
Абай-ақпарат