Жексенбі, 20 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3950 0 пікір 7 Мамыр, 2010 сағат 07:29

Алмастың алапаты асты

Саяси публицистика жанрында қалам тербеп жүрген журналист Алмас Көшербаев жақында халықаралық «Хьюман Райтс Уатч» ұйымының сыйлығын алды. Өткен жылы бұл сыйлық әлемнің 19 еліндегі 37 жазушы, журналистерге тапсырылған болатын. Дәлірегі, осы ұйым тағайындаған Хеллман-Хаммет сыйлығына биыл лайық деп танылған Алмастың «атағы» «Тасжарған» газетіндегі «Кедей латифундист» мақаласынан кейін шыққан-ды. Осы жарияланымнан соң авторға да, басылымға да миллиондаған теңге айыппұл салынғаны белгілі. Ал Алмастың орыс және ағылшын тілдеріндегі материалдары ТМД елдерінде, АҚШ-та, Еуропада зор қызығушылықпен оқылады екен.  1989 жылдан бері беріліп келе жатқан Хеллман-Хаммет сыйлығын бұған дейін елімізден жазушы Кәрішал Асан ата ғана алыпты. Ендеше, қазақ жерін саудаға салып жүрген алпауыттар туралы өткір мақала жазып айыппұлға жығылғанымен халықаралық сыйлыққа қол жеткізіп алапаты асқан Алмастың қаламы қарымды болып, жазары көбейе берсін демекпіз!

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1338
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2911
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 989
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 918