Жұма, 22 Қараша 2024
Билік 6693 0 пікір 7 Маусым, 2014 сағат 08:48

Әдебиет пен өнер саласында мемлекеттік сыйлық беру талқыланды

ҚР Мемлекеттік хатшысы Әділбек Жақсыбековтің төрағалығымен Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Комиссия мәжілісін ашқан Мемлекеттік хатшы елдің мәдени игіліктерін арттыруға айтарлықтай үлес қосқан, мемлекеттік қолдауға және авторларды ынталандыруға бағытталған жұмыстың мән-маңызын және осыған байланысты Комиссия мүшелерінің айрықша жауапкершілігін атап өтті. 

Отырыста комиссия мүшелеріне 2014 жылғы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықты алу үшін ұсынылған шығармалар, оларды тіркеу және тиісті талаптарға сәйкестігін тексеру жұмыстарының қорытындылары жөнінде хабарлама жасалды.

Келіп түскен жұмыстарды қарау 3 секцияда: әдебиет, музыка, театр және кино, бейнелеу өнері және сәулет секцияларында жалғасты. Секциялар жұмысы жасырын дауыс беру арқылы аяқталды. Оның барысында келесі кезеңге ұсынылған шығармалар іріктелді. Үміткерлер тізімі комиссия шешімімен бекітілді.

Ережеге сәйкес қоғамда кеңінен талқылау үшін авторлар мен  шығармалар туралы ақпарат «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланады. 

 

http://strategy2050.kz/

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5328