Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2675 0 пікір 7 Мамыр, 2010 сағат 07:49

Елбасын екі сөйлеткендері несі?!.

Кеше кешкісінгі Хабар арнасының 20:00-де шыққан қорытынды жаңалықтарында ҚР Президенті әрі Қарулы күштерінің жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев әскерилермен кездесу барысында былай деген болатын (Елбасының сөзі эфирден берілді, жанымыздан шығарып отырған ешнәрсеміз жоқ):
-Қазақтың бірлігін, елдің бірлігін сақтаңдар. Отанымыздың болашағы біздің еліміздің бірлігінде. Баяғыда Ресейдің патшалары қазақтың ішін бөліп, іріткі салып, сұлтандарын бір-біріне айдап салып, сонан кейін барып жеңуге болады. Онсыз жеңуге болмайды деп айтқан екен. Шынында да, біздің бабаларымыз біріккен кезде жоңғарларға да қарсы тұрған заманында. Мына жақтан да мына жақтан да елімізді қорғап, мына кең байтақ даланы бізге тастап кеткен. Сондықтан біздің парызымыз солардың аманатын орындау. Соны ұмытпаңдар.

Бір таңқаларлығы қортынды жаңалықтар түнгі сағат 23:30-да қайталанып берілгенде Назарбаевтың «Баяғыда Ресейдің патшалары қазақтың ішін бөліп, іріткі салып, сұлтандарын бір-біріне айдап салып, сонан кейін барып жеңуге болады. Онсыз жеңуге болмайды деп айтқан екен» деген сөзі «қайшыға түсіп» қидаланып былай болып шықты:

-Қазақтың бірлігін, елдің бірлігін сақтаңдар. Отанымыздың болашағы біздің еліміздің бірлігінде. Шынында да, біздің бабаларымыз біріккен кезде жоңғарларға да қарсы тұрған заманында. Мына жақтан да мына жақтан да елімізді қорғап, мына кең байтақ даланы бізге тастап кеткен. Сондықтан біздің парызымыз солардың аманатын орындау. Соны ұмытпаңдар.
Заманы таныған заңғар саясаткер Нұрсұлтан Әбішұлы қазақ ұландарына өткенді, баяғыны мысал етіп сөйледі. Бүгінгіні емес, баяғы отаршыл орыстардың сұрқия саясатын сөз қылды. Алайда Хабар арнасына құзыреті жүретін біреулер Елбасын екі сөйлетіп жіберіпті. Неге? Басқа басқа емес Елбасын екі сөйлетіп отырған кім?! Осыған таңымыз бар.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364