Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4609 0 пікір 6 Маусым, 2014 сағат 11:14

ҰБТ-НЫҢ АЛҒАШҚЫ НӘТИЖЕЛЕРІ

ҰБТ-ның алғашқы күні Алматыдағы №178 лицейдің түлегі Әбдіжаппар Айғаным Бақытқызы Ұлттық бірыңғай тестілеуден ең жоғарғы 125 баллды жинады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлаған болатын. Алғашқы күннің сынағынан сүрінгендердің саны 6233 адам болды. Олар минималды қажетті деңгейден өте алмады. Ал 100-ден жоғары нәтиже көрсеткендердің саны 3797 болған. 2 маусым күні тестілеуге 26 147 бітіруші қатысты, оның ішінде қазақ тілінде - 18 417, орыс тілінде - 7 730 түлек тапсырды. Тестілеу ҰБТ өткізу пунктінің 61 базасында өтті. Алғашқы күнгі сынақ кезінде тәртіп бұзғаны үшін 13 талапкер аудиториядан шығарылды. Тест тапсырушылардан 5 962 ұялы телефон, 1 783 шпаргалка, 121 калькулятор, 6 фотоаппарат, 2 рация табылған.

Ал, ҰБТ-ның екінші күні сынақ тапсырушылар  60 пункт базасында тест тапсырды. Бұл күні тәртіп бұзғаны үшін 3 талапкер аудиториядан шығарылды. Тест тапсырушылардан 2 307 ұялы телефон, 2 641 шпаргалка, 83 калькулятор, 13 фотоаппарат, 4 рация, 2 блютуз,1 қол сканері, 1 кеңсе пышағы табылған. Бұл туралы strategy2050.kz жазды.
Екінші күннің қортындысы бойынша, ең жоғары 125 баллды Алматы қаласындағы № 159 лицейдің түлегі Марат Әсия Жандосқызы жинаған. Бұл күні республика бойынша  2 012 түлек (11,6%) 100-ден астам балл жинаған. 2013 жылы мұндай нәтижеге 1 837 (8,4%) түлек қол жеткізген болатын. Екінші күнгі ҰБТ балы орта есеппен алғанда 75,7-ні құраған (2013 жылы – 73,9 балл). Ең төменгі көрсеткіш 50 баллды 3 883 (22,4%) түлек жинай алмаған. 2013 жылы бұл көрсеткіш 6 895 (31,7%) болған.  

ҰБТ-ның үшінші күні, 4 маусымда ҰБТ-ға 24104 түлек қатысты. Тестілеу 69 пунктте жүрді. Тестілеу барысында тәртіп бұзған 10 оқушы аудиториядан шығарылған. Бұл туралы Білім министрлігіне сілтеме жасап Zakon.kz жазды. Аудиторияға түлектерді кіргізу барысында 11046 телефон, 7 533 шпаргалка, 438 калькулятор, 82 фотоаппарат, 8 рация, 8 блютуз, 19 флеш карта, 17 wi-fi құрылғылары тәркіленген. Үшінші күннің қорытындысы бойынша ҰБТ тапсырушы түлектер арасында максимал балл жинағандар болмады. Тест тапсырушылардың 24,2 пайызы мемлекеттік университеттерге тапсырудың минималды балын жинай алмаған.

Tengrinews.kz-тың жазуынша  ҰБТ-ның төртінші күні де түлектер ең жоғарғы балға қол жеткізе алмады. 5 маусым күні тестілеуге 9346 түлек қатысты. Сынақ 32 пунктте өткізілді. Тәртіп бұзғаны үшін аудиториядан шығарылғандар болған жоқ. Есесіне, 2938 ұялы телефон, 2574 шпаргалка, 187 калькулятор, 16 фотоаппарат, 7 рация, 2 флешка мен 1 қол сканері тәркілеген.  Бұл күні 100 балдан жоғары көрсеткішке 1404 (15%) түлек қол жеткізді. Орташа балл 78,2 болды. Шектік деңгейге жете алмаған түлектердің саны - 888 (20,2%).

 
Ұлттық тестілеу орталығының мәлімдеуінше, ағымдағы жылы қорытынды аттестаттауды ҰБТ түрінде тапсыруға 92 086 бітіруші тілек білдірді. Оның ішінде 63 606-сы қазақ тілінде және 28 480-і орыс тілінде тапсырады.

Абай-ақпарат

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364