Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 6059 0 пікір 5 Маусым, 2014 сағат 10:39

20 МАУСЫМДА "ПРОТОН-М" ҰШЫРЫЛМАЙДЫ

20 маусымға белгіленген «Луч» спутнигімен «Протон-М» зымыран-тасығышы ұшырылмауы мүмкін. Бұл туралы зымырын-тасығыштың құлауын тергеу бойынша апаттық комиссия хабарлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Комиссия өзінің жұмысын осы аптаның соңына дейін аяқтайды деп күтілуде. Комиссияның басшысы Александр Данилюктің сөзіне қарағанда, осыдан кейін тексеріс нәтижелері үкіметке хабарланбақ.
Естеріңізге сала кететін болсақ, 2014 жылғы 16 мамырда Байқоңыр ғарыш айлағынан Астана уақыты бойынша сағат 03.42-де ұшырылған «Протон-М» зымыран-тасығышы орбитаға «Экспресс-АМ4Р» ғарыш аппаратын алып шыға алмады. Ол ұшырылғаннан кейін 540-ші секундта күтпеген жағдай орын алған: зымыран-тасығыштың 3-сатысының қозғалтқышы апатты түрде істен шығып, салдарынан ғарыш кемесімен байланыс үзілді.Зымыран Қытай аумағының үстіндегі атмосферада жанып кеткен.

 

Абай-ақпарат 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371