Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 7022 0 пікір 4 Маусым, 2014 сағат 16:34

90 пайыздан астам ҚАЗАҚ ӨЗ ТІЛІН БІЛЕДІ

Қазақстандағы соңғы ресми мәліметтер бойынша елдегі халықтың 74 пайызы қазақ тілін, 84 пайызы орыс тілін еркін меңгерген. Ал елдегі 70 пайызға жуық қазақтың 98,4 пайызы ана тілін түсінетінін, ал 93,2 пайызы ана тілінде оқып және жаза алатынын айтқан. Мемлекеттік тілді елдегі түркі жұрттарының барлығы- өзбек, ұйғыр, қырғыздар 90 пайыздан кем білмейді екен. Қазақ тілін ең нашар меңгергендер - орыс, белорус, украин, поляк, неміс, корейлер. 20-25 пайыздайы түсінеді, 5-7 пайыздайы ғана әртүрлі деңгейде оқып-жаза алады екен. Бұлардың арасында мемтілді меңгеруде аздап ілгері тұрғандары немістер, сосын корейлер.
Сондықтан, кейбір адамдар "қазақтың тең жарымы қазақ тілін білмейді" деген тоқсаныншы жылдары қолдан жасалған, Билік үдеткен мифті таратпаса екен. Ана тілінен түрлі себептермен ажырап қалған 2-8 пайыз бауырлар өздерінен дүниенің кіндігін жасамаса екен. 90 пайыздан астам қазақ өз тілін біледі.

Қасым Аманжолұлының facebook парақшасынан алынды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364