Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3836 0 пікір 10 Мамыр, 2009 сағат 21:47

Алматыда полиция ЖСДП басшыларының бірі генерал Тоқысовты ұстады

Алматы. 8 мамыр. ҚазТАГ – ЖСДП партиясының төраға орынбасары, ҚР Қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары генерал-майор Өмірбек Тоқысов оңтүстік астананың Жетісу АІІБ қызметкерлерімен жұма күні ұсталды. Бұл ақпаратты ЖСДП партиясының баспасөз қызметі таратты.

ҚазТАГ алған баспасөз релизіне сәйкес, генерал Фурманов көшесі, 28 үй жатақхана тұрғындарының қоғамдық қорғаушысы ретінде, Жетісу аудандық соттың адамдарды жатақханадан оны «Finex Corporation Ltd.» ЖШС-ке берген соң, шығарып тастау туралы шешімімен кліспейтіндігі туралы баспасөз мәслихатын өткізбекші болған.

ЖСДП баспасөз қызметі атап өткендей, қазір АІІБ-де отырған генерал Тоқысов Жеңіс күні қарсаңында ұсталған.

Алдын хабарланғандай, жұма күні Алматыда Фурманов-Райымбек көшелерінің қиылысындағы «Автопарк №1» АҚ жатақханасының алты тұрғыны (жас баларымен үш әйел), Жетісу аудандық №2 соттың жатақханадан мәжбүрлеп шығару туралы шешіміне наразылық ретінде канализация құдығына түсті.

Наразылық акциясын ұйымдастырушы Ризада Жақыпбектің айтуынша, автопарктің жатақханасында барлығы жүзге тарта адам тұрады, олардың 60-ы балалар да 37-сі ересек адамдар. Егер оларды жатақханадан шығаратын болса, «олардың барлығы канализациялық құдықта тұрмақшы».

Құқық қорғаушы орган қызметкерлері мен аудандық әкімшілік өкілдері болып жатқан оқиғаға үнсіз қарап тұрды.

Бұл бұрынғы автопарк жатақхана тұрғындарының бірінші наразылық акциясы емес. 23 желтоқсанда, Алматыдағы Фурманов пен Райымбек көшелерінің қиылысында митингі өткізіп жатқан бұрынғы № 1 автопарктің жатақхана тұрғындары мен  ОМОН жасақтарының арасында қақтығыс орын алған болатын. 15 әйел оларды жатақханадан шығару туралы шешімге наразылық ретінде қозғалысы ауырт көше қиылысын жаппақшы болған. Митингіге шығушылардың айтуынша, автопарк жабылған соң жатақхана әр түрлі компанияларға бірнеше рет сатылған. Жатақхананың соңғы иесі «Finex Corporation LТD» - ның шағымы бойынша аудандық сот 4 мамыр күні тұрғындарға басқа баспана беру құқықынсыз оларды жатақханадан мәжбүрлеп шығару туралы шешім шығарды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371