Жексенбі, 13 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 7618 0 пікір 4 Маусым, 2014 сағат 13:38

ОБАМА МЕН ПОРЕШЕНКО КЕЗДЕСТІ

Варшавада АҚШ президенті Барак Обама Украина президенті болып сайланған Петр Порошенкомен жеке  кездесті. Олардың алғашқы кездесі туралы Америкалық бір теле арнаның журналисті әлеуметтік желідегі блогында  жазған. Бұл туарлы Zakon.kz сайты НТВ арнасына сілтеме жасап хабарлады.

Жарияланған фотода Порешенконың Обаманың оң жағында отырғаны анық көрінеді. Ал келесі бір фотода саясаткерлер қатарласа тұруда, және емен-жарқын сөйлесіп тұр. Ақпаратқа сәйкес бұл екі ел президенттерінің формальды кездесуі емес. Ресми кездесу бүгінге жоспарланған.

Петр Порешенко мен Барак Обама Польшаға кеше іс-сапармен барған. Олар Польшадағы бірінші еркін парламент сайлауының 25 жылдық мерейтойына қатысады деп күтілуде.

Естеріңізге сала кететін болсақ 25 мамырдағы сайлау нәтижесі бойынша елдің ірі олигархтарының бірі, парламент депутаты болған Петр Порешенко 55% дауыс жинап, елдің жаңа президенті болған еді. Ал, Қырғызстанда туылған, кикбокстан 6 мәрте әлем чемпионы Витали Кличко басым дауыспен Киев қаласының мэрі болып сайланды.

 

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1138
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2666
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 784
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 753