Сенбі, 12 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 5125 0 пікір 4 Маусым, 2014 сағат 09:55

Украинадағы әскери қақтығыстар құрбаны 181-ге жетті

 

Украинаның шығысында жүріп жатқан әскери операциялардан 181 адам қаза тауып, 293 адам жараланды деп хабарлады «Азаттық радиосы» аталған елдің  бас прокуратураның міндетін атқарушы Олег Махницкийге сілтеме жасап. Қаза тапқандардың 59-ы – әскерилер.

Махницкийдің сөзінше, қаза болғандар туралы деректер Донецк және Луганск облыстарынан алынған, құрбандар “террористік әрекеттердің” салдарынан қаза тапқан. Сепаратистер мен бейбіт тұрғындар арасында қанша адам қаза болғаны туралы дерек жоқ.Бұған дейін Украина билігі мен өзін-өзі жариялаған “халық республикаларының” өкілдері қаза тапқандар туралы әртүрлі дерек келтірген еді. Славянскінің өзін-өзі жариялаған “мэрі” Вячеслав Пономарев украин әскерилері 650 адамынан айырылды деген. Ал Киев Донецк әуежайына шабуылдаған ұрыста 200 сепаратистің көзі жойылғанын хабарлаған.

 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1112
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2648
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 770
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 736