Жексенбі, 26 Қазан 2025
Билік 8600 0 пікір 3 Маусым, 2014 сағат 13:04

«ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКАҒА» КӨШУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ҚҰРЫЛАДЫ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес құру туралы Жарлыққа қол қойды, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Құжатта хабарлағандай, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес (бұдан әрі – Кеңес) Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманың (бұдан әрі – Тұжырымдама) іске асырылуын мониторингтеу және бағалау, мониторингтеу және бағалау базасында тиісті ұсынымдар әзірлеу, экономиканы «жасыл» әрі орнықты даму қағидаттарында жаңғыртуды қамтамасыз ететін Тұжырымдаманы іске асыру стратегиясын, тактикасы мен тетіктерін айқындау мақсатында құрылатын консультативтік-кеңесші орган болып табылады.  

Strategy2050.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 1128
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 10549